Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет37/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

«ROCKET STUDY» КЕЙСІ
•  Кәсіпкерлік бастаманың табыстылығы мен идеяның ерекшелігі қалай 
байланысатынын түсіну.
7
29


2-тапсырма
Қолда бар ресурстармен Арслан проблеманың 
(кабинет, жаб дық тар, жарнама) шешімін қалай 
тапқанын елестетіп көр.
Арслан үлкен кабинет іздемеді, онда жөндеу 
жұ мыс тарын  жасаған  жоқ,  оқы тушы ларды 
қажетсінбеді. Ол «ұқыпты стартап» әдісі бойын-
ша әрекет етті: айына 40 000 теңгеге көлемі 10 
шаршы метр бір кабинетті жалға алды, 4 000 
теңгеден бұрын қолданылған ескі екі партаны, 
2 000 теңгеден 4 орын дық сатып алды. Тақта, 
компьютер мен прин терді үйден алды. Өзі оқыта 
алды. Осылайша, ол 56 000 теңгеге сабақ өткізуге 
қажетті барлық нәрсеге ие болды.
Әрине, оқушы лар дың кең кеңсеге келіп, әде-
мі кабинетте оқығаны жақсы. Бірақ оларға ең 
қажеттісі ағылшын тілінде еркін сөйлеуге мүм-
кін дік бере тін , сапалы әрі прак тикалық тіл білімі. 
Егер қажетті білімін алатын бол са , олар риза 
болып, міндетті түрде қай та оралады әрі таны-
старын осы жерде оқуға шақырады. Сон дық тан 
прототип (бастапқы) кезеңде өз өнімің ді сынап 
алу қажет. Бұл жерде ол ағылшын тілі сабақтары. 
Егер өнім (биз нес ) сәтті бол са , білім алушылар 
саны өсіп, капи тал пайда болады, келесі қадам 
оқу ауқымын ұлғайту, ғимаратты жөндеу және т. 
б. болуы мүм кін.
Келесі қадам оқушыларды іздеу болды. Арс-
лан  өзі нің  принтерінен  жарнама  парақша ла ры н 
басып шығарып, оларды қала көше ле рінде тара-
та бастады.
Парақшаларды тарату ұнай қоймаса да, 
«Қолай сыз дық  — уақытша, ал жеңіс мәңгі» 
деп, Арслан өзіне жігер беріп отырды.
Осылайша, ол біршама студент 
терді оқуға 
тарта білді. Оқыту басталды. 
Білім алушыларға Арсланның 
сабағы ұнады, өйткені 
қызықты өтті әрі тілді меңгеруі 
бірден байқала бастады.
3-тапсырма
Арслан осы кезеңде өз биз нес ін дамытуды қалай 
жалғастырады, тағы не істеуі мүм кін ?
Жарты жыл өтті. Білім алушы лар дың қатары 
көбейе берді. Арслан кірісі мен клиент теріне бере-
тін пайдасы уақыт пен сынып сыйымдылығымен 
шектеле тін ін түсінді. Ол аптасына көп сабақ жүр-
гізе алмады — оған уақыты жетпеді.
Осыдан соң кеңсе 10 шаршы метрден 40-қа 
ұлғайтылды. Арслан өзі нің әдістемесімен оқыта 
алатын оқы 
тушы 
ларды іздеуге кірісті. Оқы-
тушы ларды іздеу үшін ол HeadHunter сайты мен 
таныстарының ұсыныстарын қарады.
Rocket Study мектебі өсті. Енді онда жүздеген 
білім алушы оқып, 10 оқы тушы жұ мыс істеді.
Арслан басқа мектептермен салыс тыр ғанда 
өзінің мектебі шеше тін бірнеше мә селе лерді тұ-
жы рым дады:
1- мә селе. Егер тілді үйренгісі келіп , курстарға 
жазылған оқушылардың жұ мыс кестесі мөл -
ше рленбеген бол са , онда олар сабақтан жиі 
қала тын  болады.  Нә тиже сінде  олар  бас қа-
лар дан артта қа лып , үлгермегендіктен кур-
сты аяқ тамай тастап кетеді.
2- мә селе. Емтиханға тез арада дайындалғысы 
келе 
тін білім алушының тіл 
дің теория-
сын оқып отыруына уақыты жоқ. Оларға 
практикалық шешім қажет.
3- мә селе. Әдетте білім алушыға қысқа уақыт 
ішінде жақсы нә тиже ге жету қажет. Курстар 
көбіне ұзақ мерзімге созылады.
4- мә селе. Кейбір курста жаңа сөздерді құр 
жаттаумен айналысады. Одан оқушы лар дың 
іші пысып, қызығушылығы жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет