Енді Маск табиғи ресурстарының тізімі Күн энергиясына дейін кеңейді.
Пайдалы
қазбаларды өндірудің орнына, Маск біздің ғаламшарымызда молшылықтағы күн
энергиясы технологиясын дамытады. Масктің алып күн аккумуляторлары тұтас
қалаларды электр қуатымен қамтамасыз етуге қабілетті. Ол 2040
жылға қарай
энергияны әлемдік тұтынудың 40% күн энергиясынан алуды жоспарлап отыр.
Масктің қарапайым ресурстарды және өндіріс факторларын қайта қарау тура-
лы идеялары шексіз. Марсты отарлаумен, Күн энергиясының есебінен экологиялық
таза электрокөліктер
мен қалаларды дамытумен қатар, ол Hyperloop жобасын -
1000 км/сағ жылдамдықтағы жолаушыларды тасымалдауға қабілетті көлік жүйесін
әзірлемекші. Оның тағы бір стартап жобасы – «The Boring Company» - мегаполи-
стерде жер асты құрылымын жасайтын және Hyperloop жылдам жүретін пойызда-
рын дамытуда көмекші қызмет атқаратын бұрғылау-құрылыс компаниясы.
Оның OpenAI жобасы жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған, ал
Gigafactory 300 000 шаршы метр аумақта литий-ионды батарейлерін шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: