Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019


-бөлім.  Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік 2-тапсырма



Pdf көрінісі
бет90/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

1
-бөлім. 
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік


2-тапсырма
Сұраныс пен ұсыныс арасын да ғы тиімді 
тепе-теңдік қа лып тастыру үшін осындай 
биз нес ті қай ба ғыт та дамытуға болады деп 
ойлайсыз?
Сол кезде «Экстремал» Алматыда 10 
сату орнын ашып, тұрақты клиент тері-
нің саны жеткілікті дамыған дүкендер 
желісі нің қатарында болды. Юрий өз 
жаб дық тары мен киім нің брендін жасау туралы 
ойлана бастады. Біріншіден, өз бренді өнім нің 
құнын айтарлықтай төмендетуі мүм кін , өйткені 
ол басқа компания лар дың өнімдерін сату кезін-
де болатын дистрибуцияның барлық тізбегінен 
өтпей, тікелей өндірушіден сатып алушыларға 
дүкен сөре ле ріне түсер еді. Екіншіден, ол ең 
төмен ба ға есебінен «Экстремал» дүкендеріндегі 
басқа  та уар лармен  бә се ке лес е  алады.  Үшіншіден, 
«Экстремалда» жаңа брендті на рық қа  — дүкен-
дер ге , қоймаларға, сатушыларға шығаруға, тұ-
тыну шы лар дың  қажеттіліктері  мен  сұраныстарын 
түсінуге арналған барлық инфрақұ ры лым болды.
Осылайша  на рық та  алғашқы  Қазақс тан-
дық «Biwec» мультиспорттық бренді пайда бол-
ды. Осы брендпен бүгін 1000 та уар дың атауы 
шығарылады — велосипедтер мен шаңғылар және 
оған қосалқы бөлшектерге дейін, рюкзак, киімдер 
және аксессуарлар. Көбінесе сатып алушылар «Bi-
wec» — қазақс тан дық бренд екенін білмейді және 
оны «Экстремалмен» де байланыстырмайды. Егер 
алдымен «Biwec» өнімін Юрий дүкендері желісін-
де ғана сатып алуға болатын бол са , енді олар 
Алматының басқа да спорт дүкендерінде, сондай-
ақ Бішкекте (Қырғызстан), Душанбеде (Тәжікстан) 
және Новосибирскіде (Ресей) сатылады.
Мұнымен «Экстремалдың» тарихы аяқтал-
майды. На 
рық әрі қарай дамып келеді, хайп 
циклі нің барлық сатысынан өтіп әрі қарай ба-
ға ларды тепе-теңдік жағ дай ға келтіре отырып, 
тұ тыну шылар  үшін  бә се ке лес термен  күреске 
түседі, оларға көп 
теген жаңа ұсыныстарды 
ұсынады. Мысалы, содан бері на рық та о тан дық 
«ZIBROO» бренді пайда болды, ол Азиада-2011, 
Сочи Олимпиадасы мен Универсиада-2017 үшін 
киім-кешектің ресми жаб дық таушысы болды. На-
рық тағы жағ дай лар дың әрбір жаңа өзгеруі кезін-
де  биз нес мен дер ге  оларға  бейімделу дің  жаңа 
жолдарын және даму үшін жаңа тауашаларды 
іздеуге тура келеді — сұраныс пен ұсыныстың 
икемділігі нің механизмі дәл осылай жұ мыс 
істейді.
3-тапсырма
«Экстремал»  биз нес -кейсіндегі  фактілерге 
сүйене отырып, на рық тық тепе-теңдікті қа лып-
тастыру заңы және сұраныс пен ұсыныстың 
икемділігі туралы айтып бері ңіз ші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет