6. ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ӚТКІЗУ ТӘРТІБІ
1. Білім беру бағдарламасын меңгеру дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік
диссертацияны (жобаны) (ары қарай – бітіру жұмысы) дайындау мен қорғаудан немесе
кешенді емтихан тапсырудан тұратын қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
2. Аттестаттау комиссияның құзыретіне тӛмендегілер кіреді:
1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың
теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
2) бітірушіге тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр», «магистр» дәрежесін
тағайындау;
3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
3. Аттестаттау комиссиясы отырысының ұсынылатын ұзақтығы күніне 5 сағатқа дейін.
4. Дәлелді себеп бойынша қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы комиссия
тӛрағасының атына еркін нысанда электрондық ӛтініш жазады, себептердің дәлелді растауын
ұсынады және оның шешімі бойынша қорытынды аттестаттау рәсімінен комиссия
отырысының басқа күні ӛтеді. Қайта ӛткізілген отырыс күнін комиссия айқындайды.
5. Егер қорғау кезінде аттестаттауға мүмкіндік бермейтін техникалық ақау орын алса,
білім алушыға қорытынды аттестаттаудан ӛтудің басқа уақыты берілуі мүмкін. Бұл жағдайда
АК хатшысы техникалық ақаулықтың электрондық актісін ресімдейді және сол күні актінің
кӛшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жолдайды.
6. Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе бітіру
жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта
тапсыруға, сондай-ақ бітіру жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың
осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |