6.3 Бітіру жҧмысын (жобаны) дайындау және қорғау
6.3.1. Бітіру жұмысты (жобаны) дайындау білім алушыларға қолжетімді ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы білім алушылармен ӛзара іс-қимыл жасайтын
ғылыми жетекшінің басшылығымен жүзеге асырылады.
6.3.2. Дайындалған бітіру жұмысы (жобасы) плагиатты анықтау жүйесіне жүктеледі
және жауапты қызметкер оны тексеруінен ӛткізеді. Бұл тексерусіз бітіруші қорғауға
жіберілмейді.
6.3.3. Бітіру жұмысын (жобасын) қорғау қашықтықтан білім беру технологияларын
қолдану арқылы онлайн форматта жүргізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау
уақыты кестемен анықталады және білім алушылардың назарына уақытында жеткізіледі.
6.3.4. Бітіру жұмысын (жобасын) қорғау кезінде білім алушы презентацияны экранды
кӛрсету режимі арқылы кӛрсетеді, комиссия мүшелеріне камера алдында баяндама (сӛз
сӛйлеу) жасайды және комиссия мүшелерінің ауызша сұрақтарына жауап береді.
Техникалық проблемалар туындаған жағдайда, білім алушы жазбаша сұрақтар қояды.
Мұндай жағдайда комиссия мүшелерінің сұрақтарын АК хатшысы айтады. Білім алушы
ауызша немесе жазбаша жауап береді.
Жобаны бірнеше білім алушы дайындаған жағдайда, әрбір білім алушы оны қорғау
кезінде тақырып мазмұнының қисындылығын сақтай отырып, ӛз бӛлігін таныстырады.
|