Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-019-2020
Сапа менеджментінің жҥйесі
Университет ережесі
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып аралық
және қорытынды аттестаттауды өткізу
ережесі
96 беттің 28–ші беті
6.9.8. АК тӛрағасының есебі pdf форматында эл.поштамен жіберіледі: тіркеуші офисіне,
білім беру бағдарламаларының және әдістемелік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
орталықтарына, кафедраға және деканатқа.
6.9.9. АК тӛрағасының есебіне жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын бітірген БББ бойынша бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты, мамандығы
және берілген дипломның нӛмірі кӛрсетілген тізімі қоса беріледі.
6.9.10. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нӛмірі кӛрсетіле
отырып, білім беру ұйымының басшысы қол қойып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін
бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тіркеуші офисі ұсынылады,
және ЕСУВО жүйесіне енгізеді. Сонымен қатар, университеттің Білім беру
бағдарламаларының және әдістемелік, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, Іс-тәжірибе
және жұмыспен қамту орталықтарына, кафедраға және деканатқа эл.поштамен жіберіледі.
6.9.11. Егер дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік диссертациялардың
нәтижелері ӛндіріске енгізілсе, білім беру бағдарламаларының және әдістемелік, жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру орталықтарына кәсіпорын басшысының қолымен және мӛрімен
расталған сканерленген құжатты эл.пошта арқылы жіберілуі қажет.
6.9.12. Бітірушілердің ҚА нәтижелері бойынша қорытынды бағаларын “Platonus”
жүйесіне енгізу рәсімін АК хатшысы университетте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге
асырады (Офис регистратор).
Достарыңызбен бөлісу: |