6.8 Қорытынды аттестаттау нәтижелеріне апелляция
6.8.1. Бітірушілер қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша апелляциялық
комиссия тӛрағасының атына онлайн режимінде қорытынды аттестаттау нәтижелері
жарияланған күннен бастап 48 сағат ішінде апелляцияға ӛтініш береді.
6.8.2. Апелляцияны ӛткізу үшін ректор бұйрығымен Білім беру бағдарламасы бойынша
апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамына аттестаттау
комиссиясының мүшелерін және (немесе) университеттің әкімшілік қызметкерлерін енгізуге
жол берілмейді.
6.8.3. Апелляциялық комиссия білім алушының ӛтініші түскен күннен бастап 48 сағат
ішінде онлайн отырыс ӛткізеді.
6.8.4. Апелляция нәтижелері ӛтініш берушінің назарына бір жұмыс күні ішінде
жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |