6.10 Аралық және қорытынды аттестаттауға қатысушылардың жауапкершілігі
6.10.1. Кафедра декандары мен меңгерушілері:
- кестеге сәйкес қашықтықтан форматта аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізуді
қамтамасыз етеді;
- аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша бағалардың уақтылы
қойылуын қамтамасыз етеді;
- қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды
ӛткізу күні, уақыты және тәртібі туралы білім алушыларға, комиссия тӛрағасы мен
мүшелеріне уақтылы хабарлайды;
- құжаттарды тексеруді және қорғауға жіберудің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
- қорытынды аттестаттау қатысатын білім алушылар тізімін ұсынады;
-қорғау, кешенді емтиханды ӛткізу тәртібі, ұзақтығы (регламенті), қорытынды
аттестаттаудың бейнежазбасы туралы білім алушыларға нұсқаулық вебинар ӛткізеді;
- комиссия мүшелерін жүйеде тіркеуді қамтамасыз етеді ayu.edu.kz домены бар LMS
жүйеде және ayu.edu.kz корпоративтік поштада;
-комиссия
мүшелерін
қажетті
материалдармен
және
қашықтықтан оқыту
технологияларына қол жетімді болуы қамтамасыз етеді;
- қорытынды аттестаттау бейнежазбасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |