6.4 Қашықтықтан форматта кешенді емтиханды (оның ішінде «Қазақстанның
қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды) ҧйымдастыру тәртібі
6.4.1. Кешенді емтиханды ӛткізу түрін шығарушы кафедра ӛзі анықтайды. Кешенді
емтиханның әр түрлі нысандарын қолдану ұсынылады, соның ішінде жазбаша жұмыстарды
тексеру, онлайн форматта ӛткізілетін ауызша емтихан, қашықтан тестілеу, үй жағдайында
орындалған жобаларды бағалау - "ашық кітаппен емтихан» т.б.
6.4.2. Жазбаша емтихан ӛткізілген жағдайда шығарушы кафедра тапсырманы жүйеге
ayu.edu.kz домены бар LMS жүктейді және сұрақтарға жауап беру және (немесе) жазбаша
есепті (кейсті) шешу үшін уақыт береді, ол 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
6.4.3. Кешенді емтиханға тапсырма ayu.edu.kz домены бар LMS жүйеге тапсырманы
жүктейді кешенді емтихан ауызша түрде онлайн режимде ӛткізіледі, білім алушыға комиссия
сұрақтарына микрофон арқылы тікелей пайдаланылатын техникалық құрылғы камерасының
алдында жауап беру мүмкіндігі беріледі.
6.4.4. Техникалық проблемалар туындаған жағдайда, білім алушы жазбаша сұрақтар
қояды. Мұндай жағдайда комиссия мүшелерінің мәселелерін АК хатшысы айтады. Білім
алушы ауызша немесе жазбаша жауап береді.
6.4.5. Кешенді емтихан процесі үзілген жағдайда білім алушы оны жалғастыру туралы
ӛтінішпен АК хатшысына дереу жүгінеді. Комиссия кешенді емтиханды қайта бастау немесе
тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |