Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


2.2 Хромосомалардың құрылысы жəне функциясы



Pdf көрінісі
бет17/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

33
2.2 Хромосомалардың құрылысы жəне функциясы
Хромосомалардың морфологиясын əдетте метафаза немесе ана-
фаза стадияларында сипаттайды, олар ол кездерде жасушада өте 
жақсы көрінеді. Кейбір өсімдіктер үшін хромосомалардың морфо-
логиясын мейоз немесе митоз профазасында сипаттауға болады. 
Центромераның орналасуына байланысты келесідей хромосомалар-
ды анықтайды:
– акроцентрлі
 немесе таяқша тəрізді хромосомалар. Центроме-
ра хромомсоманы тең екі иыққа бөлмесе, ондай хромосомаларды 
акроцентрлі хромосома деп атайды.  
– субметацентрлі
 хромосомалар, иықтарының ұзындығы 
əртүрлі хромосомалар.
– метацентрлі
 хромосомалар. Егер центромера хромосоманың 
ортасында орналасса жəне хромосоманы тең екі иыққа бөлсе, онда 
хромосоманың құрылымы Х тəріздес болады, оны метацентрлі
 
хро-
мосома деп атайды.
– телоцентрлі
 хромосома
.
 Егер центромера хромосоманың 
ұшына жақын орналасса жəне хромосома иықтарының біреуі ғана 
анық көрінсе телоцентрлі хромосома деп атайды.
Центромера –
 бірінші тартылыс хромосоманың маңызды 
бөлігінің бірі, ол хромосомалардың митоздық таралуында маңызды 
орын алады, қозғалысына жауап береді. Центромера метофазадағы 
хромосомалардың пішінін анықтайды (3-сурет), микорскоппен 
қарағанда ашық түсті болып көрінеді. Центромераның құрылысы 
күрделі, онда белгілі бір ретпен орналасқан жəне арнайы ақуыздармен 
қауымдасқан нуклеотидтерімен ДНҚ бар. 
Əдетте хромосомада бір центромера болады. Оның 
мысалы иондық сəулеленуге негізделген хромосомалық аберрация 
кезінде жоғалуы, хромосоманың жоғалуына немесе қозғалысының 
бұзылуына əкеліп соғады. 
Полицентрлі хромосомалы
 немесе 
диффузды центромералы
 түрлер де белгілі, ондай түрлердің 
жұлынып қалған хромосомаларының бөлігінің өзі полюстерге 
қалыпты тарай алады. Мысалы, өсімдіктерден 
Lusula
 туысы, ал жа-
нуарлардан 
Ascaris megalocephala, 
жəндіктерден 
Hemiptera
 отряды 
жəне т.б.
Екінші тартылыс бірінші тартылысқа қарағанда ұршық 
жіпшелерінің келіп бекінетін орны емес жəне қозғалыс кезіндегі 
бүктетілу нүктесі де емес. Кейбір екінші тартылыстар ядрошықтың 
3–1156


34
пайда болуымен байланысты, сондықтан оларды ядрошықты 
ұйымдастырушылар деп атайды. Бұндай екінші тартылыстарда 
рРНҚ синтезіне жауапты гендер орналасады. рРНҚ-ның синтезі мен 
пісіп жетілуі ядрошықта жүреді. 
Кейде екінші бунақталудың көрінуі соншалықты анық, 
хромосома иықтарының біреуінің шеткі бөлігі ол хромосомамен 
тек жіңішке жіп арқылы ғана жалғанған сияқты болып көрінеді. 
Ондай хромосома 
«спутникті»
 (қосшылы) хромосома деп аталы-
нады, кейде екінші тартылыс тіл центрлік хромосома да болады 
(3-сурет). 
Теломерлер 
немесе хромосомалардың соңғы ұшында орналасқан 
бөліктері. Олар хромосомалардың жеке құрылым ретінде 
тіршілік етуіне жауапты бөліктер болып табылады. Жұлынып 
қалған хромосомалардың ұштары бір-бірімен байланысып 
қосылуы мүмкін, бірақ теломері бар жерлермен қосыла алмайды. 
Яғни, сол теломерлер хромосомалардың жабысып қауына кедергі 
келтіреді. 
Дифференциалдық бояудың С-əдісі хромосома құрамындағы 
гетерохроматин
 бөлігін, яғни хромосомалардың басқа 
эухрома-
тин
 бөліктеріне қарағанда, өте тығыз спиральға оралған хромо-
сомаларды табуға мүмкіндік берді. Гетерохроматин 
констутивті
 
жəне 
факультативті
 болып екіге бөлінеді. Мұның біріншісін 
хромосоманың белгілі бөлігінен үнемі табуға болады, ал екіншісін 
жасуша тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде ғана, тек кейбір ұлпалар 
жасушаларының хромосомасында ғана көруге болады. Констутивті 
гетерохроматин үнемі гомологты хромосомалардың ұқсас 
бөлікте-рінде болады, көпшілігінде центромераға жақын орнала-
сады. Факультативті гетерохроматин – генетикалық белсенділіктен 
толық айырылған хромосомалардың бөлігі. Мұндай хроматин 
гомологты хромосоманың бір сыңарында ғана болады. Кейбір 
жағдайларда жеке хромосомалар тұтасымен тек гетерохроматин-
дерден тұруы мүмкін. Митоздың белгілі бір стадиясында гетеро-
хроматин мен эухорматин бөліктерінің орналасуы əр хромосомада 
тұрақты.
Əрбір ядрода хромосомалардың тұрақты саны жəне олардың 
əрқайсысының өзіне тəн генетикалық мəні болады. Əрбір хромосо-
ма 
хромонема
 деп аталатын ДНҚ жіпшесінен тұрады, ол жіпшенің 
бойында тізілген моншақ сияқты құрылымдар – 
хромомерлер
 
орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет