Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет2/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

Бурунбетова Қ. Қ.
Генетика негіздері:
 Оқулық. – Алматы: ЖШС «Дəуір», 
2013. – 264 б.
ISBN 978-601-217-414-4
ISBN 978-601-217-414-4
© Бурунбетова Қ. Қ., 2013
© ҚР Жоғары оқу орындарының
 қауымдастығы, 2013
Б 84


3
Кіріспе
Егеменді Қазақстанымыздың білімді де білікті жас ұрпақты тəр-
биелеуге шұғыл бетбұрыс жасап отырғандығын білім беру сала-
сында болып жатқан тың өзгерістерден көруге болады. Жаһандану 
дəуірінде жас биолог мамандарды дайындауда, генетика барлық жа-
ратылыстану ғылымдарының алдыңғы шебінде тұрған ғылым сала-
сы екендігі баршаға анық.  
Генетика пəнінің мақсаты – тірі ағзалардың барлығына тəн 
қасиеттер, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеу бол-
са, білім алып отырған болашақ мамандардың алдына қояр 
мақсаты – генетиканың негізгі мəселелерін жəне жаңалықтары мен 
жетістіктерін оқып-үйрену. 
«Генетика негіздері» оқулығы  5В060700 – Биология, 5В011300 –
Биология мамандықтарының Қазақстан Республикасының жоғары 
оқу орындарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стан-
дарттары мен типтік бағдарламалары негізінде жазылған.
Оқулықты жазу барысында Қазақстан жəне Ресей ғалымдарынан 
М. Е. Лобашевтың «Генетика» (1967), С. Г. Инге-Вечтомовтың «Генети-
ка с основами селекции» (1989), С.Ж.Стамбековтың «Генетика» (1993), 
Р. І. Берсімбаевтың «Генетика» (2002), Б. Бегімқұлдың «Меди циналық 
генетика негіздері» (2008), «Молекулалық генетика негіздері» (2009) 
еңбектері мен ғылымның соңғы жетістіктері жəне автордың генетика 
пəнінен дəріс берген тəжірибесі басшылыққа алынды.
Оқулықта тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез, 
тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары, ажырау кезінде 
əдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендердің өзара 
əрекеттесуі, жыныс генетикасы, тұқым қуалаудың хромосомалық 
теориясы, өзгергіштік, адам генетикасы, медициналық генетика, 
адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика 
мəселелері қарастырылған.
Ұсынылып отырған оқулық жоғары оқу орындарының жара-
тылыстану ғылымдары факультеті мамандықтарының студенттері, 
магистранттары, оқытушылары жəне мектеп мұғалімдері мен 
оқушыларына арналған.


4
Генетика негіздері оқулықтарына қойылатын талаптарға толық 
жауап береді. Тараулардың соңында түйінді сөздер мен ұғымдар, 
талқылауға арналған сұрақтар жəне материалды толық меңгеруге 
көмектесетін генетикалық есептердің шығару жолдары мен есептер 
жинағы берілген.
Оқулықты толыққанды деп санауға болмайды, сондықтан оған 
айтылатын сын-ескертпелер болашақта жазылатын оқулықтар мен 
оқу құралдарында тиімді орын табады деп айтқым келеді.
Генетика барлық тірі ағзаларға тəн негізгі екі қасиетті – тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының 
негізгі саласы.
Тұқым қуалаушылық – ата-аналарының белгілерінің  ұрпақта-
ры на берілуі мен ұрпақтар арасындағы жалғастықты қамтамасыз 
ететін қасиет. Тұқым қуалаудың негізінде  тірі ағзалардың кейбір 
түрлері миллиондаған жылдар бойы өздерінің ерекшеліктерін сақ-
тап келеді. Тұқым қуалау көбею үрдісімен, ал көбею жасушаның 
бөлінуі жəне оның құрылымы мен функцияларының көшірмелері -
нің ұдайы өндірілуімен тығыз байланысты.
Өзгергіштік – тірі ағзаның бойындағы белгілер мен қасиеттердің  
өзгеруі. Өзгергіштікке байланысты тірі ағзада жаңа белгілер, 
қасиеттер пайда болады немесе бұрынғылары өзгеріп, жойылуы 
мүмкін.
Өзгергіштік ағзаның тұқым қуалайтын қасиетінің əрдайым 
сақталып отырмауының көрінісі болып табылады. Ол гендердің 
өзгеруіне жəне олардың комбинациясына, сондай-ақ ағзаның 
тұқым қуалаушылық қасиетінің даму үдерісінде гендер көрінісінің 
өзгеруіне де байланысты болады. 
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бірімен-бірі қатар жүретін, 
бір-біріне қарама-қайшы, өзара тығыз байланысты үдерістер. Тұқым 
қуалаушылық пен өзгергіштік туралы білім жер бетіндегі тіршіліктің 
пайда болу заңдылықтарын терең де толық зерттеуге мүмкіндік 
береді.
Ағзаның осы басты екі қасиетін жасуша ядросының хромосо-
маларында орналасқан гендер қамтамасыз етеді. Ата-аналарының 
ұрпақтарымен байланысы негізінен жыныстық көбею арқылы 
жүзе ге асады. Жасушаның бөлінуі алдында əрбір хромосома екі 
еселенеді. Бөліну үрдісінде олар жаңадан түзілген жеке жасушалар -
ға ажырап кетеді. Жасушаның бөлінуіне дейінгі хромосома жиынты -
ғы қанша болса, жаңа түзілген жасушаның ядросындағы толық 


5
хромосома жиынтығы да сонша болады. Басқа жасушалармен 
салыстырғанда жыныс жасушаларындағы хромомсомалар саны екі 
есе кем болады. Ал түрге тəн хромосоманың толық саны ұрықтан -
ған жасушада қайтадан қалпына келеді. Зигота хромосоманың əр 
жұбының бір сыңары – əкесінің, екіншісі – анасының қасиеттерін 
береді. Ағза белгілері мен қасиеттерінің дамуы хромосоманың 
белгілі-бір бөлігі – геннің əсер етуіне байланысты болады.
Ген – материалдық бөлшек болғандықтан ұрпаққа берілгенде 
жойылып кетпейді, əр ұрпақ сайын жасушаның бөлінуі барысын-
да өзіне ұқсас гендерді жасап отырады. Яғни, дамуы онымен бай-
ланысты белгілер де жойылып кетпейді. Тұқым қуалаушылық пен 
өзгергіштікке жауапты зат өзін-өзі өндіріп, жаcушаның бөлінуі 
барысында жаңа жасушаларға дəл тарала алуы керек. Бұл қасиет 
жасуша ішіндегі хромосомаларға ғана тəн. Молекулалық деңгейде 
хромосоманың осы ерекшеліктерін оның құрамындағы ДНҚ (дезок-
сорибо-нуклеин қышқылы) молекуласы анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет