Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет3/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

6
1. ГЕНЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы зерттеулер біздің 
дəуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен 
де белгілі. Сол кезеңнің өзінде тура жəне тура емес тұқым қуалау ту-
ралы ойлар болған. Тура тұқым қуалау теориясының жақтаушысы 
Грек ғалымы Гиппократтың тұжырымы бойынша репродуктивті ма-
териал дененің барлық бөліктерінен жиналып тұқым қуалауға ықпал 
етеді, сондықтан денедегі сау жəне ауру тұқым қуалау бастамалары 
бірдей ұрпақтарға беріледі деген болса, біздің дəуірімізге дейінгі ІV 
ғасырда өмір сүрген Аристотель репродуктивті материал дененің əр 
бөлігінен жиналмай, дененің бөліктерін құрауға арналған қоректік 
заттардан жасалады деген болатын.  
Тура тұқым қуалау теориясы 23 ғасыр өмір сүрді. Генетиканың 
дамуына Ч.Дарвиннің (1868) «Жануарлар мен өсімдіктердің 
үй жағдайында өзгеруі» деген еңбегінде пангенезис гипотеза-
сы маңызды қозғау салды. Ол гипотеза бойынша өсімдіктер мен 
жануарлардың барлық жасушалары «өздерінен бүкіл денеге тара-
лып жатқан өте ұсақ геммулалар бөліп шығарады», ол геммулалар 
репродуктивті мүшелерге түседі де, ұрпақтарына ата-аналарының 
қасиеттерін жеткізеді делінген. Ч.Дарвиннің өзінің айтуы бойын-
ша, бұл теория Гиппократтың ойына ұқсас болатын жəне гипотеза-
да ұрпақ белгілерінің дамуын анықтайтын жыныс жасушаларында 
ерекше  бөлшектер болды деген дұрыс болжам бар еді. 
1871 жылы Ч.Дарвиннің пангенезис гипотезасын белгілі жа-
ратылыстанушы Ч.Дарвиннің немере бауыры Ф.Гальтон тəжірибе 
жағдайында сынап көрді. Ол қара қояндардың қанын ақ қояндардың 
қанына құйып реципиенттерді үш ұрпақ бойында шағылыстырып, 
ақ қояндардың жүн түсінен ешқандай өзгеріс байқай алмай, қанда 
геммулалар болмайды деп тұжырым айтты.
Дарвиннің пангенезис теориясы баспаға шыққанға дейін 
1865 жылы чех жаратылыстанушысы, зерттеуші Грегор Мен-
дель «Өсімдік будандарымен тəжірибелер» атты еңбегін жарыққа 
шығарды. Бұл еңбекте кейіннен генетиканың негізі болып саналған
тура емес тұқым қуалау заңдылығы құрастырылған болатын. 
Зерттеулерінің нəтижесін 1865 жылы Брно (Словекия) қаласы 
табиғат зерттеушілер қоғамының отырысында баяндады. Дарвин-


7
ге Мендельдің тəжірибелері таныс емес болатын. Ч.Дарвин өзінің 
1876 жылы жазған «Айқас жəне өздігінен ұрықтанудың əсері» атты 
еңбегінде Гофмманның 1869 жылы жазылған «Түр мен əртүрліліктің 
мəселелері» атты еңбегіне сілтеме жасайды, ол еңбекте автордың 
Мендельдің мақаласына бес сілтемесі бар еді, бірақ ол сілтемелерге 
Дарвин көңіл аудармады.
Замандастары  Мендельдің тəжірибелерін байқамады деп айту 
қате пікір болар еді, өйткені 1865 жылдан 1900 жылға дейін ол 
еңбекке 6 рет сілтеме жасалынған, соның ішінде Британ энцикло-
педиясында 1881-1885 жылдары «будан» мақаласында да сілтеме 
болған. Шынайы қараса замандастары Мендельді түсінбеген деп 
айтуға болады. Сол замандардағы биология оның ойын қабылдауға 
дайын емес болатын. Алайда ол сол кездегі өсімдіктерді буданда-
стыру туралы тəжірибелер жасаған жалғыз немесе бірінші ғалым 
емес еді. Олар Европаның бірнеше қалалаларында, сонымен қатар 
Петербургта да еңбек еткен, темекі өсімдігінің будандық қуатын 
жəне реципрокты будандастырудың бірдей нəтиже көрсететіндігін 
ашқан неміс ботанигі И.Г.Кельрейтер (1773-1806). Ағылшын
Т. Э. Найт (1759-1838) кейінірек Мендель жасаған тəжірибелердегі 
сияқты, бұршақ өсімдігімен тəжірибелер жүргізу арқылы реципрок-
ты будандастырулардың бірдей нəтиже беретіндігін, бірінші бу-
дан ұрпақтардың белгілерінің бірдей болатындығын, будандардың 
өздігінен тозаңданғанда белгілерінің ажырайтындығын ашқан бо-
латын. Оның отандасы жəне замандасы Дж. Госс (1822) екінші бу-
дан ұрпақтарды тағы өздігінен будандастырса, олар белгілері ажы-
райтын жəне белгілері ажырамайтындар болып бөлінетіндігіне 
көңіл аударған. Француз зерттеушісі О. Сажрэ (1763-1851) кон-
стантты белгілердің будандастыру кезінде қайта бөлінетіндігіне 
көңіл аударған. Ол 1825 жылы жазған еңбегінде комбинативтік 
өзгергіштік туралы: «Табиғаттың біркелкілікті қалыптастырмау 
үшін жəне əртүрлі белгілерді алу үшін қолданатын тəсілдерінің 
қарапайымдылығына таңғалмасқа болмайды. Белгілердің қосылуы 
мен ажырауы – екі қасиеттің əртүрлі жолдармен комбинацияланып 
əртүрлілікті шексіз өзгерте алады» деп таңдана жазған. 
Г. Мендельге дейінгі ешбір ғалым өз алған мəліметтерін əртүрлі 
будан ұрпақтар кластарының арақатынасы тұрғысынан есептеуге 
ұмтылмаған да. 
Г. Мендельдің басты жетістігі, дискретті факторлардың тұқым 
қуалау гипотезасын тексеру үшін гибридологиялық талдау əдісін 


8
құрып оны қолданғандығы болып табылады. Мендель ашқан тұқым 
қуалау құбылысының заңдылықтары нақты 1900 жылы ғана бағалана 
бастады.
1900 жылы Гуго Де Фриз Голландияда, Карл Корренс Герма-
нияда, Эрих Чермах Австрияда, бір-бірімен байланыссыз, əртүрлі 
нысандармен зерттеулер жүргізіп, Мендель тапқан белгілердің 
тұқым қуалау заңдылықтарын қайтадан ашты, сондықтан 1900 жыл 
генетиканың дүниеге келген жылы деп есептелінеді. Тұқым қуалау 
заңдылықтарының қайтадан ашылып жарық көруі, өсімдіктер 
мен жануарлардың басқа түрлерінде де осы заңдылықтардың 
болатындығын тексеруге арналған жұмыстардың əрі қарай жүргізіле 
беруіне мүмкіндік тудырды. 1902 жылы У.Бэтсон оны тауықтардың 
айдарларының пішінінің тұқым қуалауы мысалында, ал дəл сол 
жылы А.Кюэно үй тышқанының ақ жəне сұр түстерінің тұқым 
қуалау мысалдары арқылы дəлелдеді. 1909 жылы У.Бэтсон Мен-
дель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары дəлелденген өсімдіктердің 
100 белгісін жəне жануарлардың да шамамен сонша белгісі ту-
ралы, жиынтық материалы бар мақаласын баспада жариялады. 
Нəтижесінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарының уни-
версалды жəне материалдық негізі бар екендігі анықталды. Менде-
лизм нық ғылымға аяқ басты. 
Мендель заңдылықтары қайтадан ашылмас бұрын тұқымқуалау-
дың ядролық гипотезасы пайда болды, бұл теория неміс зерттеушісі 
Т.Боверидің (1862-1915) 1889 жылы өте көркем жасалған, 
теңіз кірпілерінің будандасуы барысында аталық жəне аналық 
пронуклеустардың бірдей мəнде болатындығын анықтаған тə-
жірибесінен кейін дəлелденді. Ол тəжірибеде ғалым ядрола-
ры зақымданған жұмыртқаларды ұрықтандырса да, дернəсіл 
аталық пронуклестардың арқасында дамитындығын, алайда 
ол дернəсілдердің көлемі қалыптыларына қарағанда 4 есе кіші 
болатындығын байқады. Өз тəжірибелерінде Т.Бовери теңіз 
кірпілерінің дернəсілдері қаңқасымен ажыратылатын екі түрін 
қолданды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет