118
қатынасындай болып ажырауының классикалық формуласының
өзгеретіндігін көреміз. Дегенмен ажыраудың барлық келтірілген
типтері ажыраудың гентикалық механизмінің бұзылуының салдары
емес жеке даму барысында гендердің өзара əрекеттесуінің нəтижесі
болып есептеледі.
5.4 Плейотропия
Ағзалардың жеке дамуы барысында кейбір гендердің бір немесе
бірнеше белгілердің дамуына əсерін тигізуі анықталған. Табиғатта
кең таралған бұл құбылыс гендердің
плейотропиялық
əсері деп ата-
лады.
Плеотропияға мысалдар келтірейік: сабақтары қызыл
өсімдіктердің гүлдері қызыл, ал сабақтары көк өсімдіктердің
гүлдері көбінесе ақ түсті болады.
Қоғыр
(
шөмішгүл
) өсімдігінде
болатын бір ғана ген, оның бірнеше белгілерінің – гүлінің қызыл
түсін, жапырағының екі жағының да боялуының, тұқым қабығының
түссіздігін, эндосперманың қоңыр болып дамуын анықтайды.
Дрозофиланың ақ көзділігін анықтайтын рецессивтік ген, оның
кейбір ішкі мүшелерінің пішініне, өсімталдығының кемуіне, өмір
сүру ұзақтығының қысқаруына, т.б. əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: