ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
457
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес.
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені,
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді.
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек,
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар,
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.
13. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Американдық Стивке
B)Тимур Бекмамбетовке
C)Ақтан Арым Құбатқа
D)Анар Қашағановаға
E)Нұртас Адамбаевқа
14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
C)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
15.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Біріншісі
B)Үшеуі де бұрыс
C)Үшіншісі
D)Екіншісі
E)Үшеуі де дұрыс
16.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
|