Әлеуметтік барабар қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің
әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің
міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың
әртүрлі
әлеуметтік
міндеттерді
жүзеге
асыруға
болжамдық
дайындығын
қалыптастыруды мөлшерлейді.
Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
өзара іс-
әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа
негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі
басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара
байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке
адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.