ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ: Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-
дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.
Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара
байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық
және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.
Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға
негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени
нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.