Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету білім беру
ұйымдарында және олардың құрылымдарында тәрбие жұмыстарын қолайлы
жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың
жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын
интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тәрбие
үдерісіне мониторинг жасау.
Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету тәрбие жұмысына
қажетті
материалдық, техникалық
жағдай жасау,
тәрбие жұмысын респуб-ликалық және
жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді
ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау психикалық-педагогикалық түзетуді
дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен
жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері,
шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.