2. Интонация мәнерлілігін жаттықтыру жаттыгулары.
- Мына қарапайым сөздерді түрлі интонациямен айтып
көріңіз: «ия», «жоқ», «сен».
Қатты
Тұтыга
Ойлана '
Ерегесіп
Жаймен
Қолпаштап
Қайгыра
Көңілі
қалғандай
Қысқаша
Таңдана
Нэзікүнмен
Салтанатты
түрде
Соза
Шаттана
Мыскылдай
Ашулана
- «Мен - қазақпын! Мың өліп, мың тірілген...» өлең жолын
төмендегі реңдерді бере отырып, айтыңыз:
Сыбырлап
Барынша айқайлап
Сыбырдан айқайға көше
Пулеметтің жылдамдыгымен
Тасбақаның жылдамдыгымен
Сіз қатты тоңып гүрғандай
Аузыңызға ыссы тамақ түскендей
Сізді қазір атып тастайтындай
5 жастағы қыздың айтқанындай
Сіз осы сөзбен біреуге оны сүйетініңізді айту керексіз
Диафрагмалық-қабырға демін дамытуга арналған жаттыгулар.
Жаттыгу
А. Иық белдігінің бүлшық еттерін босатып, ішіңізге жайлап
мұрын арқылы ауа сорыңыз. Иығыңыз, бүганаңыз қозғалмауы керек,
бірақ тыныс алу кезінде қарынның бұлшықеттері мен төменгі
қабырғаның аралық бұлшықеттері жұмыс жасайды. Осы жаттыгуды
жүйелі түрде орындай отырып, аралас демді жатгықтыруға болады.
Жаттығу
0 . «Гүлдер дүкені». Тіке түрасыз. Бақылау үшін сол
қолыңызды қарынға, оң қолыңызды қабырғаңызға қойыңыз. П-фффф
деп сыртқа дем шығарыңыз. Енді ішке тыныс алғанда гүлді иіскеп
отыргандай елестетіңіз. Дем алу - қысқа, дем шығару - ұзағырақ.
Жаттығу Б. «Май шам». Қағаз тілімін (жалпактығы - 2-3 см,
ұзындығы - 7-10 см) алып, оны май шам деп елестетіп, оган үріңіз. Ол
сізден әрі қарай майысады. Бүл - «жалын». Егер сіздің деміңіз
бірқалыпты болса, қагаз бір багытта майысады. Ал деміңіз қалыпсыз
болса, қағаз біресе көтеріледі, біресе қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |