100
3-стратегиялық бағыт –
қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастыру.
Екі бағыт басшылыққа алынады: мектептегі қоғамдық ұйымдарға
оқушыларды қамту және мектептен тыс қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық
байланыс (спорт мектебі, мәдениет үйі, орталық кітапхана, түрлі мекемелер).
4-стратегиялық бағыт –
оқушылардың даралық ерекшеліктеріне
байланысты жеке жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын және ерекше қабілетті
оқушылармен жұмыс.
5-стратегиялық бағыт –
жеке тұлғаның тәрбиелік-сапалық деңгейлерінің
бағалау өлшемдерін қалыптастыру.
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға
әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп
қарастырылған. Мотивация – өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа
және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Жеке тұлғаның сапалық деңгейлерін, бағалау өлшемдерін қалыптастыруда
алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы
жеткіліксіз, немқұрайлы) олармен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы
бар, бірақ бағдары айқын емес) оқушылармен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік
идеясын ұсына білетін) оқушылармен жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: