202
«Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші,
дарынды
балалардың көп болуы, дарынды шығармашылықпен
жұмыс жасайтын
педагогтарға байланысты.
Дарынды
балалармен
мектептен
тыс
жүргізілетін
тәрбие
жұмыстарының жүйесі
Дарындылықтың дамуында отбасы маңызды рөл атқарады, соның
ішінде:
• отбасы құрылымы мен оның эмоционалды ахуалы;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі
туралы мәселе аса ауқымды
зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету,
қысым
көрсету сияқты стильдер дарынды баланы дамытуға мүмкіндік бермейді деп
санайды. Р.Хесс, В.Шипман және т.б. зерттеушілер
өзара іс-әрекетте
ата-аналардың қарым-қатынас стилін
императивті, инструктивті деп бөледі.
Императивті стильге төмендегідей бұйрықтар сәйкес келеді:
«Мен
айтқан секілді жаса…», «Тыныш отыр…». Ата-аналар баласының айтқандарын
бұлжытпай, орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне
негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділікті дамытады.
Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар
төмендегідей болып негізделеді:
«Ойыншықтарыңды жина, ал
мен еденді
сыпырамын…». Ата-аналар баламен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың
талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл балада инициативалықты
дамыту (бастау) және қаттылыққа тәрбиелейді.
Ата-аналардың бала
дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор – бала
мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізгілердің бірі.
Балалардың шығармашылық дарындылығын қалыптастырудың негізгі
бағыты – жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның
интеллектуалдық дамуы,
ой-өрісінің, рухани жан дүниесінің баюына, саяси
көзқарасы
мен белсенділігінің, іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына
толық мүмкіндік беруі, жағдай жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: