27
Е.В.Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбие беру парадигмасына
төмендегілерді ұсынады:
тәрбиелеуде оның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара
ерекшеліктерін есепке алу;
оған ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: оны қолдау, оны дамыту,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі
тәрбиелеу, оның өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, адамдармен,
табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-қатынас жасауына қолайлы
жағдайлар туғызу;
адамды
қалыптастыратын
функцияларын
анықтау
(ізгіліктік,
мәдениеттілік, әлеуметтік);
адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық,
когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер);
түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық
технологиялар.
Тәрбие берудің тұлғаға бағдарланған технологиясының ерекшеліктері:
әлеуметтік-педагогикалық:
тұлға қоғамның сұранысына сәйкес жалпы
мәдениетті жасаушы және тасымалдаушы ретінде қарастырылады;
пәндік-дидактикалық:
тәрбиелеуде жекеше бағыттылықты қамтамасыз
етеді, бірақ тәрбие беру мәнін өзгертпейді – «тұлға – тәрбие іс-әрекетінің өнімі»
ретінде қалып қояды;
психологиялық:
дамыту, қалыптастыру деңгейлерін бағалау.
Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологиялары философиялық,
психологиялық және педагогикалық ізгіліктің негіздеріне арқа сүйейді:
тұлғаның біртұтастығы, тұлғаның мүмкіндіктерін толық пайдалану, тұлғаның
өзіне деген сенімін арттыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: