Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-8. Тұлғаға жаңаша көзқарас



Pdf көрінісі
бет29/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
Сурет-8. Тұлғаға жаңаша көзқарас 
 
Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологияларын жақтаушылар 
Ш.А.Амонашвили, 
М.Н.Берулава, 
Е.В.Бондаревская, 
Ю.И.Турчанинова, 
И.С.Якиманская және т.б.
Әр баланың жеке қабілеттері бар, 
талантты
Тұлға ерте балалық шақта көрініс 
табады
Тұлғаның басты сапалары болып 
жоғары эстетикалық 
құндылықтар танылады
Тұлға педагогикалық процестің 
объектісі емес, субъектісі 
Тұлға білім беру жүйесінің 
мақсаты, қандай да бір сыртқы 
мақсатқа жетудің құралы емес
Тұлғаға жаңаша
көзқарас


27
Е.В.Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбие беру парадигмасына 
төмендегілерді ұсынады: 

тәрбиелеуде оның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара 
ерекшеліктерін есепке алу; 

оған ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: оны қолдау, оны дамыту,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі 
тәрбиелеу, оның өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, адамдармен, 
табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-қатынас жасауына қолайлы 
жағдайлар туғызу; 

адамды 
қалыптастыратын 
функцияларын 
анықтау 
(ізгіліктік, 
мәдениеттілік, әлеуметтік); 

адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық, 
когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер); 

түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан 
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық 
технологиялар. 
Тәрбие берудің тұлғаға бағдарланған технологиясының ерекшеліктері: 

әлеуметтік-педагогикалық:
тұлға қоғамның сұранысына сәйкес жалпы 
мәдениетті жасаушы және тасымалдаушы ретінде қарастырылады; 

пәндік-дидактикалық:
тәрбиелеуде жекеше бағыттылықты қамтамасыз 
етеді, бірақ тәрбие беру мәнін өзгертпейді – «тұлға – тәрбие іс-әрекетінің өнімі» 
ретінде қалып қояды; 

психологиялық:
дамыту, қалыптастыру деңгейлерін бағалау. 
Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологиялары философиялық, 
психологиялық және педагогикалық ізгіліктің негіздеріне арқа сүйейді: 
тұлғаның біртұтастығы, тұлғаның мүмкіндіктерін толық пайдалану, тұлғаның 
өзіне деген сенімін арттыру және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет