24
-
жеке тұлғаны тәрбиелеп жетілдірудің нәтижесін, тәрбиелік деңгейін
анықтаудың тетіктерін ашу.
Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен
процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін,
қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.
Басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз
іс-әрекетіңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға орайластырған
жөн.
Тәрбие заңдылықтары дегеніміз – даму мен қалыптасуда тиімді нәтижеге
жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталанып отыратын қажетті
байланыстар.
Тәрбие заңдылықтарын алдын-ала басшылыққа ала отырып, тәрбие
жұмыстарын болжауға және ол іске терең мазмұндық әрі әдістемелік
бағыт-бағдар беруге болады.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен
тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары:
барлық тарихи кезеңдерінде тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен
туындайды және оның қоғамға қызмет етуі;
қоғамның өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның
күш-қуаты мен өмірлік позициясына тәуелділігі;
тұлғаның үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы;
тәрбиенің халықтық, әлеуметтік, жалпылық сипаты;
тәрбие процесінде тұлға дамуының іс-әрекет пен қарым-қатынасқа
тәуелділігі;
оқыту,
тәрбиелеу,
дамытудың
біртұтастығы,
бірлігі,
өзара
байланыстылығы;
біртұтас тәрбие процесіндегі тәрбие мақсаты, міндеті, мазмұны,
әдіс-тәсілдері, түрлерінің өзара бірлігі, байланыстылығы;
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі, өзара байланыстылығы.
Достарыңызбен бөлісу: