Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмысындағы технологиялық, құзыреттілік, аксиологиялық



Pdf көрінісі
бет28/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
Тәрбие жұмысындағы технологиялық, құзыреттілік, аксиологиялық, 
тұлғалық-бағдарлық тұрғылар 
Педагогика адам іс-әрекетінің басты саласы ретінде өз құрылымына 
процестің объектісі мен субъектісін ендіреді. Дәстүрлі субъект-объектілік 
педагогикада тұлғаны объект рөлінде қарастырады, ол алдыңғы аға ұрпақтың 
іс-тәжірибесін үйренеді. Бұл жүйенің түпкі мақсаты – оны өмірге даярлау. 
Ал қазіргі педагогика тұлғаны оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде 
қарастырады. Тұлғаның қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті айқын көрініс 
табады. Адам өзін қоршаған ортада өзінің «Мен» деген санасымен, 
көзқарасымен субъективті бағыт ұстанады. Талап ететін педагогикадан
қарым-қатынас педагогикасына өту, оған ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды 
көздейді. Ол мектепке, оның тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталады, оны 


25
ұғынуға, оның ашылмаған құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға 
тырысады. Мектептің мақсаты – жеке тұлғаның еркін дамуына толық 
мүмкіндіктер жасау, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін ояту. 
Тұлғаға деген осындай жаңа көзқарас мектепте ол өзін толық адами тұлға 
деп сезінуге жол ашады, ол педагогикалық процестің объектісі емес, 
субъектісіне айналады. Тұлға – білім беру жүйесінің мақсаты, басқа да сыртқы 
мақсаттарға жету құралы емес. Әрбір тұлғаның әр нәрсеге қабілеті бар, 
олардың көбісі талантты болады. Тұлғаға деген жаңа көзқарастың пайда 
болуының себебі – оны зорлап оқыту ізгіліктік бағыт еместігі және оның 
нәтижесінің мардымсыздығы. Ал тәрбиені талапсыз жүзеге асыруға болмайды, 
өйткені бұл қоғамдық талаптар жүйесін меңгеру негізі болып табылады.
Қазіргі кезеңде алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық 
технологияларды пайдалану негізінде тәрбие жұмысын технологияландыру 
жүзеге асуда.
Педагогикалық технология – бұл жеке тұлғаның, сондай-ақ бүкіл 
ұжымның даму динамикасын көруге, оның нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге 
болатын және жеке тұлғаның өздігінен дамуына толық мүмкіндік жасайтын 
теориялық білімнің тұтас, педагогикалық процестің практикасында жүзеге 
асырудағы реттелген іс-әрекеттің жиынтығы. 
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қаруландыру болып 
табылады. 
Құндылық бағдар мәселесімен (аксиологиялық құндылық, философиялық 
құндылық) 
әлеуметтану, 
жалпы 
психология, 
философия, 
мәдениет 
антропологиясы, педагогикалық психология айналысады. 
Ғалым Н.Р.Юсуфбекованың зерттеуіне сүйенсек, 
аксиология 
құндылық 
теориясы, құндылық табиғаты жайлы, оның өмірдегі алатын орны, яғни жеке 
тұлғаның құрылымы мен әлеуметтік жеке мәдени факторлары арасындағы 
әртүрлі құндылық байланыстары жайлы ілім. 
Аксиологияның негізгі ұғымы құбылыстың мәдени-әлеуметтік мағынасын 
ашатын құндылық болып табылады. Педагогикалық құндылықтарды бағалау 
критерийлері өте күрделі, себебі жаңалықтың өмірге келуі мен оны жүзеге 
асырудағы субъектінің рөлі өте маңызды болып табылады. 
Құндылық – ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі құбылыс, ол қоғам 
мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның қарым-қатынасы. 
Л.И.Божовичтің пікірі бойынша, құндылық бағдары – адамгершілікке, ал 
мінез-кұлық іс-әрекеті – қоғамның маңызы мен тұрақтылығына ерекше мән 
береді.
Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының арасында өзара 
байланыстар бар. Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының мәнін 
ашатын ортақ категория – қарым-қатынас. Ол тұлғаның рухани дамуын талдай 
отырып, құндылық бағдарының саналы қатынастар жүйесін қамтиды.


26
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап «тұлғалық бағдарлы педагогика», 
«тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғаға бағдарланған технология» 
терминдері пайда болды. 
«Тұлғалық-бағдарлы»
сөз тіркесі білім беру процесінде қолдануына 
байланысты педагогикалық сөздікке ағылшынның 
«person-centered»
(«тұлға 
орталықты») және 
«pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің 
аудармасынан енгізілген. Олар К.Роджерстің гуманистік педагогикасы және 
гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі болып табылады. 
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл 
пікірлердің көптігі төмендегідей түсіндіріледі: кез келген оқытудың түрі 
тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғаға бағдарланған 
оқыту деп тануға болады.
Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы 
барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын 
тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді. 
Тұлғаға жаңаша көзқарас 8-суретте ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет