Кәсіптік бағдар беруші педагогтың 2022-2023 оқу жылына жасалған айлық жоспары Педагог: Муслим Ж. И бекітемін: Мектеп директоры



Дата12.10.2022
өлшемі311,28 Kb.
#152753
Байланысты:
айлық жоспар






Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Кәсіптік бағдар беруші педагогтың
2022-2023 оқу жылына жасалған айлық жоспары

Педагог: Муслим Ж.И
Бекітемін: Мектеп директоры
А.А.Хамзина_____________
«___» қыркүйек 2022 ж.


2022-2023 оқу жылына арналған Кәсіптік бағдар беру жұмысының айлық жоспары


Мақсаты

  • оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету.

  • оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.



Қыркүйек



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

«Кәсіптік бағдар беру бұрышы» стендін әзірлеу



7-11

Қыркүйек

Педагог-профориентатор



2

Кәсіптік бағдар бойынша кеңестер беру.
"Мамандықтар әлемінде"



7-11

Қыркүйек

Педагог-профориентатор

3

Кәсіби бағдар бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру




Қыркүйек

Педагог-профориентатор





Қазан



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Кәсіптік бағдар бойынша кеңестер беру.
"Сіздің кәсіби мансабыңыз"



7-11

Қазан

Педагог-профориентатор



2

Кәсіби бағыттылықты анықтау мақсатында оқушыларға тестілеу мен сауалнама жүргізуді ұйымдастыру.

9-11

Қазан

Педагог-профориентатор

3

9, 11 сыныптарда кәсіптік өзін-өзі анықтау саласын түзету;
кәсіби бағдар бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру
- Мамандықтар әлемін баяндайтын әдебиеттермен танысу.

9-11

Қазан

Педагог-профориентатор



Қараша



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Кәсіптік бағдар бойынша кеңестер беру.
"Түлекке көмек"



7-11

Қараша

Педагог-профориентатор



2

"Маңызды мамандықтар" дөңгелек үстелі

7-11

Қараша

Педагог-профориентатор

3

Кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру

Ата аналар

Қараша

Педагог-профориентатор




Желтоқсан



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Ата-аналармен жұмыс:
ата-аналар жиналысы «Жасөспірімдерді мамандық таңдау және өзін-өзі анықтау процесінде ата-аналардың рөлі»

Ата аналар

Желтоқсан

Педагог-профориентатор



2

Мектеп оқушыларының аудандық және мектепішілік кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қатысуы

7-11

Желтоқсан

Педагог-профориентатор

3

Қонақ сабақтарын өткізу: кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесулері.

7-11

Желтоқсан

Педагог-профориентатор




Қаңтар



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Оқушылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін Кәсіби бағдар бойынша психодиагностикалық әдістерін жүргізу

8-11

Қаңтар



Педагог-профориентатор
Психолог

2

Қонақ сабақтарын өткізу: кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесулері.

9-11

Қаңтар



Педагог-профориентатор

Ақпан



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Оқушыларымен кәсіптік бағдарлау ойындары мен тренингтер өткізу

9-11

Қаңтар



Педагог-профориентатор
Психолог

2

Кәсіптік бағдар бойынша кітап көрмелері

7-11

Қаңтар



Педагог-профориентатор

3

Кәсіби бағдар бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру




Қаңтар



Педагог-профориентатор


Наурыз



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

«Өмір жолын қалыптастыру, кәсіби мақсаттар» әңгімесі

10-11

Наурыз

Педагог-профориентатор
Психолог

2

Оқушыларымен әңгімелесу:
- өңірлік еңбек нарығындағы жағдай
- өңірлік нарықта талап етілетін мамандықтар бойынша ақы төлеу деңгейі;
Таңдалған мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту мүмкіндіктері;
Таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және т. б.

9-11

Наурыз

Педагог-профориентатор


Сәуір



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

Сынып сағаттарының серияларын өткізу
"Жүз жол – бір сенікі"
"Мен және менің болашақ мамандығым"
"Армандарды қалай жүзеге асыруға болады"
"Жас болу оңай"
"Адамдар өмірде не іздейді"

7-11

Сәуір



Педагог-профориентатор
Психолог

2

Болашақ мамандықты таңдау тақырыбы бойынша суреттер мен шығармалар конкурсы

7-8

Сәуір



Педагог-профориентатор




Кәсіптік бағдар бойынша кеңестер беру."Оқуға қайда бару керек".

9-11

Сәуір



Педагог-профориентатор


Мамыр



Іс- шара мазмұны

Сынып

Мерзімі

Жауапты

1

«Болашағың сенің қолыңда» тренингі

7-11



Мамыр



Педагог-профориентатор
Психолог

2

Балаларды оқыту бейіні мен кәсібін саналы таңдауға дайындаудың негізгі мәселелері бойынша ата-аналармен тақырыптық топтық әңгімелер ұйымдастыру

9-11

Мамыр



Педагог-профориентатор

3

Қорытынды.

7-11

Мамыр



Педагог-профориентатор


Түсінік хат
Кәсіби бағдарлау – бұл тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек нарығында мектеп оқушыларына кәсіби өзін өзі анықтауына және жұмысқа орналасуына көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген ісшаралар жүйесі. Балаларға қосымша білім беру – көпқырлы тұлға тәрбиелеудегі, оның біліміндегі, ерте кәсіби бағдарлануындағы маңызды бөлім. Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі, түрлі бағдарланған, көп вариативті. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді және балаларға кәсіби өзін өзі анықтауына көмектеседі, базалық құрамда алынған білімдерін, күштерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Балаларға қосымша білім беру балалық шағын толыққанды өткізу үшін балаға жағдай жасайды. Егер бала әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешіп, өзін өзі жүзеге асырып, тіпті қызметтің кәсіби өрісіне шығып, толыққанды өмір сүрсе, онда оның есейген шағында қатесіз таңдау жасауына, үлкен нәтижелерге жетуіне көптеген мүмкіндігі болады. Балаларға қосымша білім берудің негізгі мазмұны – тәжірибеге бағдарланған қызмет: мұнда бала іздеу жағдайында өзі әрекет етеді, мәдени ескерткіштермен, табиғатпен, еңбек нысандарымен және т.б. өзара әрекеттен білім алады; балаға қоршаған ортадан өзі білім алуы керек кезінде жағдайлар жасалады. Балаларға қосымша білім беру – бірыңғай шығармашылық жағдай, себебі балаға өз жолын табуға түрткі болады. Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін ұғынады – өмірдің мағынасын және болу мүмкіндігін іздейді. Және де әрбір жаңа балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ашылуы балалардың мамандығы кеңістігін ұлғайтады. Қазіргі заманның балаларына енді бала тұлғасының қалыптасуына мектеп монополиясы жайлы түсініктер өзгергенін түсіндірудің қажеттігі жоқ; балаларға қосымша білім беру ұйымдарының беделі өсуде, олардың білім алу әлеуеті кеңеюде; «ыңғайсыз» (қалыпсыз) 9 балалар өздеріне жаңа орындар табуда. Жеке тұлғаға бағдарлау негізінде қосымша білім беру ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлаудың табыстылығы келесі педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі: Табиғи және мәдени сәйкестілік, пәнаралық байланыстар, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар қағидаттарын есепке алу және жүзеге асыру. Белгіленген шарттарды сақтау тәрбиеленушілерге жеке қорларын дамыту мен қалыптасуда, табуда көмек көрсететін, олардың табысты кәсіби өзін өзі анықтауын қамтамасыз ететін; келешектегі кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындығын дамыту үшін нақты тұлғаның, елдің, өңірдің сыртқы мәдени жағдайларын; тәрбиеленушілердің жыныстық және жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен есепке алу жолымен кәсіби бағдарлаудың табыстылығын қамтамасыз етеді.

Мақсаты: 
оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік
салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде
жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына
көмек беру;

Міндеттері: 
-оқушыларға мамандықтар әлемі туралы біртұтас мағлұмат беру,
-оқушылардың өз қызығушылығын,
-бейінін, қабілетін анықтауы үшін арнайы сауалнамалар жүргізу,
- кәсіптер бойынша адам қасиеттерінің ерекшілігімен таныстыру,
-оқушының өзінің танымдық және жеке бас ерекшеліктері мен таңдаған кәсіптік саласына қажет кәсіби сипаттамаларды ұштастыра отырып, кәсіби жолын анықтауына жағдай туғызу;

Күтілетін нәтиже: оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін тануы, жеке танымдық қорытынды мен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби бағдарлану жолын анықтауы;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет