Білімділік: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Дамытушылық



Дата28.01.2018
өлшемі100,57 Kb.
#34091
түріСабақ
Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!

Білімділік: Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Тәрбиелілік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын, мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Әдіс-тәсілдері:«Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талған бірін ал!» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер.

Атақты ғұлама Әл-Фараби айтқандай

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың ?» деген сұрақтарға мектеп оқушылардың көбісі нақты жауап бере алмайды.Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және біз бірнеше маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторге және шешім қабылдауға үйренеміз.

1-жүргізіші

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғары қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған.Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

2-жүргізуші

Ендеше,оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында,әркім өз пікірін білдіріп,ой толғайды.Ендеше,оқушылар ойланайық,пікірлесейік.

1-жүргізуші

Ел президенті Н.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы,мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы,өркенді ісі,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»,демекші әуелі мамандық дегеніміз не соған тоқталайық.

1-оқушы: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдерінің бірі.Үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуға болады.

2-оқушы: Автор «Мамандықтың жаманы жоқ бірақ мұныңи кез келгеніне икемділік қажет, ол жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді.

3-оқушы: Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.психолог мамандардың айтуынша,кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннағ гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн.

4-оқушы: Мамандық таңдау-белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдауда қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге-шүгесін толық менгерген кәсіби маман болу үшін икем қабіліт және мінез қажет.

5-оқушы: Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы,қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті,осы үш факті мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.

6-оқушы: Адамда мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек,өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

7-оқушы: Біздің болашағымыз- біздің мамандығымызда. Мамандық адамның болашаққа апаратын жолы. Мамандық ол алдағы уақытқа қойылған мақсаттың бірі. Мамандық бойынша адам жұмыс істейді. Оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын да бұл мамандық.

8-оқушы: Мамандық белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі,ұнату,таңдау,арманыңды іске асыру. Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады. Келешекке қойған жоспары,мамандығын ойдағыдай бітірсе,игерсе сол адам жаны қалаған кәсіпкерлікпен айналысады.

Жаңа ақпарат

Мамандық қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты , жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 50 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 миллион адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге болама? Әлде өзінің болашақтағы профессионалдық қызметіне жан-жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі.

Серпін


Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

1-оқушы: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата - анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта - ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата - анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата - анам бұл талабымды құптайды.

2-оқушы: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

3-оқушы: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр - сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник - программист мамандығын қалаймын.

4-оқушы: Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.

1 - ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.

2-ж: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.

«Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.

Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті - аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.

Ең жауапты - сот, бухгалтер.

Ең салмақты - мұғалім, заңгер.

Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

1-жүргізуші:Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

2-жүргізуші: Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!Ендеше мамандықты дұрыс таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Европалық стандартқа сай ЮНЕСКО бойынша мектеп түлегінің бойында мына қасиеттер болу керек:

 ӨЗІНЕ СЕНІМІН АРТТЫРУ

 ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРА БІЛУ

 ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ БОЛУ

 ӨЗІН- ӨЗІ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДІ

 ҰЖЫМҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСУШЫ

 ПІКІРТАЛАСТА ӨЗ ОЙЫН БІЛІП ӨЗ ОРЫНЫН ҚОРҒАЙ АЛАТЫН

 ТӘЖРИБЕДЕН ӨЗІНЕ ПАЙДАЛЫСЫН АЛА АЛАТЫН

 ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШЕ АЛАТЫН

 ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАТЫН ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ

1-жүргізуші:Өз болашағың өзіңнің қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына

ережелер назарыңда болсын:

• Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.

• Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.

• Мектептегі оқу пәндері- нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!

• Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан аулақ бол!

• Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!

• “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.

• Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып

жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт

• Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!

• Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта

Рефлексия «Тілек ағашы»

-Бұл күн сізге не әкелді?

-Жаңадан не білдіңіз?

-Мамандық таңдауыңызға көмегі болды ма?

-Қандай көңіл күйдесіз?

-Өзіңіз қандай қорытынды шығардыңыз?

Мұғалім: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

1 - ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

2-ж:Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,



Кәсібіңе сай болу!

Бүгінгі сынып сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, сынып сағатымыз сідердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттіріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет