Cайрам ауданы, «Жон-арық» бастауыш мектебі Бастауыш сынып мұғалімі



Дата08.09.2017
өлшемі116,08 Kb.
#31884
Cайрам ауданы, «Жон-арық» бастауыш мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Худайбергенова Индира Махсадкулова

«Қош бол, сүйікті әліппе» тәрбие сағаты

Қош бол сүйікті әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.

Мемлекеттік гимн.

Сәлеметсізбе құрметті қонақтар, ата-аналар,әріптестер,оқушылар!Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке,зор қуаныш.1"ә"сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерін бітіріп қоштасқалы отыр.Қазақ халқында қуанышты күні,мерекелерінде шашу шашып қуанышын халықпен бірге бөліседі.Ал сіздерде шашуымыздан дәм татыңыздар.

Бар кітапқа бас болған

Әліппеден басталған

Әліппе ғылым анасы

Даналықтың данасы


Бүгінгі қуанышты күн әліппемен қоштасу мерекесі қутты болсын.Әліппе -білімнің,ғылымның басы демекші "Қош бол, сүйікті әліппем"атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан

Бәрі:Әліппе!

Мұғ:Дұрыс балалр,енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық.

Балалар:Келіңіз,Әліппе,келіңіз!

Әліппе сөзі:Армысыздар жан достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі ғажаптың

Басталады сендерден

Мұғ:Балалар біз Әліппеге рахметімізді айтамыз.

Ендігі тақпақтарымыз әліппеге арналады.

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды уғамын

Ақыл бердың әліппе

Ақылды сен мұғалім!
Бар кітапқа бас болған

Әліппе -ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Мектебің мынау классың

Осында 10 жыл тұрасын

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың.


Пайдаң тиіп Отанға

Риза болсын халқымыз

"5"болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.


Алақай-ау,алақай

Алақай-ау,алақай,

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді

Бардым бүгін мектепке

Оқушымын мен енді.


Оқитын әрі жазатын

Білімге қол созатын

Оқушы болдық сауатты

Білімнің кенін қазатын.


Іші толы әріпке

Мынау айбат әліпе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы әліппе!


Үйретті бізді әліппе

42-дербес әріпке

Сөз-сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.


Әліппем,менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі күн мен жарық пен.


Қош бол құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.


Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.


Алфавиттің "А"тұрады басында

Әрқашанда "Ә"тұрады қасында

Байқадың-ба?

"Б"тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

"А" деген ол аналар ғой ардақты

"Ә"деген ол әкелер ғой салмақты

"Б"деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеүі де қадірлі.

Ізгілікті ойға тоқитын

Шәкірт боп үздік оқитын

Әліппе атты кемемен

Кеземін білім мухитын.

Қош бол құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Сөйледі олар тіл бітіп

Небір қызық сырларды

Тыңдай бердім мен жұтып

Тіл біткен тақпақ жырларды.

Ал жарайсыңдар балалар. Келесі номер ән "Әліппе" Исмаилджанов А

Көрініс: Атамен немере.

-Ата, зейін салдыңба?-

Бар әріптің алдында неліктен А тұрады?

Деп бір күні сұрадым.

Атам менің сауатты

Былай берді жауапты:


Ата,ана, ақыл,ар,адам

"А"дан басталар

Содан шығар құрбаным

А ның алда тұрғаны.


А,солайма, ал ендеше ата

Беріңіз маған бата.


"Бата" десең, қарт атаң

Айналсын сендей ботасын

Оқы, құлыным, ғалым бол,

Атаң берді батасын!


Мұғалім: Ал оқушылар біз Әліппе сабағында мақалдар, санамақтарды да үйрендік.

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.
Әліппенің ар жағы- білім бағы.
Өнерлі өрге жүзеді.
Кітап-алтын қазына.
Күш білімде, білім кітапта.
Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.


Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.


Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар.


Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.


Ой жарайсыңдар, балалар. Енді санамақтарға кезек берейік.
Бір дегенім- бесік

Шықтың содан өсіп.


Екі дегенім-елім

Далам, тауым, көгім.


Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт.


Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім.


Бес дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт.


Алты деген-ақыл

Тыңдағаның мақұл.


Жеті деген-жалау

Жүректегі алау.


Сегіз деген-сөзің

Серт беретін кезің.


Тоғыз деген-тоқтау

Елдің жоғын жоқтау.


Он дегенім-Отан

Қорға соны ботам.


Ал, керемет оқушылар. Қане балалар ендеше Әліппені шығарып салайық.

Хормен: "Қош бол, сүйіктк Әліппе"

сендерге риза болып кетті.

Ал енді "Ана тілі" кітабын оқитын боласыңдар. Бұл пәндіде жақсы оқисыңдар деп сенемін. Ана тілін шақырамыз.


Хормен: Ана тілі, ана тілі.

Ана тілі кітабы келеді:


Ана тілің біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің.


Мұғалім: Ал Ана тілі. Енді оқушылар сені қызыға оқитын болады. Сен менің балаларымның өнерлерін тамашалай ғой.
Оқушылар, бүгінгі біздің мерекемізге қадірлі қонақ келіп отыр. Ол кім білесіңдер ма? Ия, балалар ол Аяз ата.Қане Аяз атаны ортаға шақырайық.

Хормен: Аяз ата, Аяз ата!

Аяз ата: Сәлем балалар. Қайырлы күн ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Келе жатқан жаңа жыл, маймыл жылы құтты болсын!

Оқушылар сендер бүгін Әліппемен қоштасқалы жатыр екенсіңдер, сендерге алдағы өмірлеріңде тек қана жақсылықтар тілеймін, үнемі біиктерден көріне беріңіздер! Балаларым сендер Аяз ата туралы, шырша туралы, қар туралы өлең-тақпақтар білесіңдерме? Кім айтып береді:


Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға

Қуант бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!


Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.


Аспан жерге төгеді

Ақ кумісін уыстап

Жаңажылда келеді

Бізге қарай жылыстап.


Аппақ- аппақ, қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырау-қырау тал аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.


Мұғалім: Ал, Аяз ата сіз алыс жол жүріп, шаршаған шығарсыз. Келіп отырыңыз, балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
1-би: Вальс

2-би:Өзбек биі

3-би: Гимнастика биі

4-би: Арабша би

Алдар көсе мен Бай "Сиқырлы тон"

5-би: Қазақша би


Ал енді балар Аяз ата сендермен ойынойнасам деп отыр. Әр бір ойындағы жеңілпазға Аяз атаның силықтары бар.
1-ойын: Стол үстінде 3 банан бар. 3 оқушы шығып кім жылдам ашып, 1-жеп қойған оқушы жеңілпаз атанады.
2-ойын: Стол үстінде 2 кесеге толтырылған су бар. 2 кесе бос. Сендер қасықты ауызың мен ұстап, кеседегі суды бос кесеге толтыруларың керек. Кім бірінші және жылдам.
3-ойын: 4 оқушы 5 орындық алып шығып, музыкамен ойнап, кім 1-болып орындыққа отырып қою. Жеңілген ойыннан шығады.
4-ойын: Стол үстінде шарлар бар 4 оқушы аналарымен шығып кім1-болып1 минут ішінде көп шар үрлеулері тиіс. Кім үлкен әрі көп шар үрлесе сол жеңілпаз атанып силықтар алады.
5-ойын: Үрленген 13 шарлардың ішінде 13 сұрақ бар. Сол сұрақтарға ата-ана баласымен бірге жауап берулері тиіс.
1.Балаңыз қандай тамақты ұнатады, ал қандай тамақты ұнатпайтынын білесізбе?

1.Тиып кетсе жырлаған

Дауысы көпке ұнаған (домбра)
2.Балаңыз неден қорқады, білесізбе?

2.Шашылды көктен ақ моншақ,

Жоғалды біздер тапқанша-ақ (бұршақ)
3.Балаңызға қай пән ұнайды?

3.Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін

Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін

Екі қолың не үшін керек

Елге көмек беру үшін.
4.Балаңыздың өскенде кім болуын білесізбе?

4.Аппақ-аппақ ақ мамық

Жерде жатыр тапталып (қар)

5. Балаңызды әліде еркелетесізбе, не деп еркелетесіз?

5.Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған (бор)

6.Балаңыз көшеден келгенде 1-болып үйден кімді іздейді?

6.Алты қырлы, алтын сырлы (қалам)

7.Мектепке келгелі бері балаңыздың өзгергенін, мінез құлқындағы өзгерісті байқадыңыз ба?

7. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап)

8.Балаңыздың бірінші болып қай сөзге тілі шыққанын есіңізге түсіре аласызба?

8.Үйреткен ілімді 42 білімді (алфавит)

9.Ана-бала тұралы мақал-мәтелдер айтып беріңіз

9.Өшірді сүртті, өзгені құртты, өзінде құртты (өшіргіш)

10.Балалардың мерекесі, баларды қорғау күні қай күн? 1-июль

10.Суда мұз бар, жерде қар, Боран борап соғады

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

11.Балаңызбен бірге бір әнге әдемілеп билеп беріңіз

12.Көзіңізді жұмып, аналық сезім мен түйсікпен өз балаңызды таба аласызба?

13. Балаңызбен бірге

1.Анартаев Абрар

2.Азадбеков Зухриддин

3.Адахамова Солиха

4.Акмалханова Дилнавоз

5.Алиярова Муслима

6. Ибрагимов Рустам

7. Исмаилджанов Асад

8.Кавулова Диляра

9.Курвантаева Динара

10.Мирзалиева Робия

11.Мирахматова Мадина

12.Рустамова Диана

13.Сайдирахманов Розимурод


«Жон-арық» бастауыш мектебі



1-ә сынып мұғалымы Худайбергенова Индира
Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Тақырыбы: “Халыққа жеткіз күйімді” Бастауыш сынып мұғалімі: Сүлейменова Зухра Білімділігі: Ә. Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді»
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақ Тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!»
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы:
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
bastaysh3 -> Мақсаты: а білімдік мақсаты
bastaysh3 -> Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет