Өткізген: Калмагамбетова Гаухар Ақтөбе қаласы, Ақжар бастауыш мектебі Тақырыбы



Дата28.01.2018
өлшемі192,07 Kb.
#35379
Өткізген: Калмагамбетова Гаухар

Ақтөбе қаласы, Ақжар бастауыш мектебі



Тақырыбы: «Күлімде, Наурыз күлімде»

Жүргізуші: Бекзат

Уа, жараңдар, жараңдар!


Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар. 
Жүргізуші: Алия

Уа ағайын халайық

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтық

Наурыз тойын бастайық
Құрметті Ақжар ауылының тұрғындары және ауыл қонақтары. Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Олай болса бүгінгі Ақжар бастауыш мектебі мен Жібек Жолы ұжымының ұйымдастырылуымен өткелі отырған наурыз мерекесіне арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты мерекелік концертімізді бастайық!

Би: «Шашу» орындайтын Ақжар бастауыш мектебінің 3-4 класс оқушылары
Жүргізуші: Бекзат

Ұлы күнде, халайық,


Қалай қарап қалайық
Сәйгүліктей ағайық
Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып
Ақ батасын алайық! ( Ортаға бата беру үшін Жанұзақ атаны шақырамыз).

Күй: Ақжар бастауыш мектебінің оқушыларының орындауында __________________
Жүргізуші: Алия

Жан байытып жұрттың жылы лебізі

Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі

Орындайық нақыштарын наурыздың

Салт дәстүрге бай ұлтпызғой негізі

Ойын: ортаға 3 әже шақырамыз «Ұршық иіру» сайысы
Жүргізуші: Бекзат

Көктем тойы – әніміз,


Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, наурыз, дәстүрлі.

Ән: «Қамажай»орындайтын 3-4 класс оқушылары.
Жүргізуші: Алия

Аққа тиіп ағайынның ауызы

Артты бір күн наурыз көже маңызы

Бойындағы нәрін берген аямай

Табиғаттың адамаға жоқ қарызы

Ойын: ортаға 3 ер адам шақырылады «Наурыз көже» ішу сайысы.
Жүргізуші: Бекзат

Наурызда күлімдеп


Күн нұры төгілді
Өзгеше бүгін леп
Желпітер көңілді.

Наурызды халқымыз


Жыл басы санайды.
Көнермес салтымыз
Көктемдей арайлы.

Би: « ».орындайтын Ақжар бастауыш мектебінің түлектері
Жүргізуші: Алия

Әнім де саған, білім де,


Құт қонақ өзің үйім де
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде

Наурыз жылы тауық жылы,


Құтты болсын халайық
Ұлыстың ұлы күні
Шырқап әнге салайық.

Ән: «Тұлпарым» орындайтын 1 класс оқушысы Абдулкәкім Аңсар
Жүргізуші: Бекзат

Асыл жандар қысқы сүрден ас қамдар

Бел алады берекелі бастаулар

Жақсылықтар жиынтығы әз Наурыз

Жамандықты өткен жылға тастаңдар

Ойын: ортаға 5 ауыл келіндері шақырылады. Арқан тартыс
Жүргізуші: Алия

Халқының әдеп-салтына


Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!

Би: «Көңіл күй» орындайтын 3-4 класс оқушылары.

Жүргізуші: Бекзат

Ұлыс күні қазан толса


Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар

Күй«Қамажай» орындайтын мектеп түлектері.
Жүргізуші: Алия

Ән қосылсын сәніңе!


Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.
Жүргізуші: Бекзат

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне
Ән: «Мереке» орындайтын 4-класс оқушылары.
Бекзат, Алия Келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!

Қош келдің - Наурыз!

Жарияланды 15-02-2014, 07:59 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тақырыбы: Қош келдің - Наурыз!
Мақсаты: Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Барысы:
Ұйымдастыру.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады)
- Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты отбасылық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

- Ортаға отбасыларды шақырамыз!

Әділдікпен баға берер отбасыларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүзден жүйрік отбасыны
Таңдап бүгін алайық.
- Ал, енді, отбасыларымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:
2 - жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда, бүгін солар сайыстың
Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.
• енді отбасыларымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1 - сайыс: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.
2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
3 - сайыс: «Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер», қол өнер

4 - сайыс: «Ас - адамның арқауы»


5 - сайыс: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»- отбасы балаларына тапсырма
6 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.

1 - жүргізуші: Наурыз күні салт - санаға байланысты жеті саны шартты: ақсақалдар алдына жеті дәмнің жеті түрінен жасалған «Наурызкөже» жеті ыдыспен таратылады.


Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр тамаша.
Тамылжып тұр жараса,
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.- дей келе бүгінгі жарысымыздың бірінші кезеңін бастайық.
1 - кезең: «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.
(әр отбасы өзін - өзі таныстырады. Осы кезеңді не өлеңмен, не қара сөзбен таныстырады)
- жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
Оқушылар:
Жаңғырар дәстүр – салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз - жыл басы.
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу – маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық

2 - кезең: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап.


Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға, отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді.
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.
«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.
«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.
«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.

- жүргізуші: екінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы


Оқушылар:
Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,
Айналдың бар қызықтың тірлігіне.
Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,
Тазарып жүре берер бұл дүние.

Наурыз төбе тыңдар, шың тыңдар,


Ай да тыңдар, аспандағы Күн де тыңдар.
Бір де тыңдар жалғыз қалып оңаша,
Мәз – мейрам боп тойлап жүрген мың тыңдар.

3 - кезең: «Ата көрген оқ жонар,


Ана көрген тон пішер», қол өнер

- жүргізуші: үшінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы


Оқушылар:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.

Ой, халайық, халайық,


Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.

Түйе сеніп бойына,


Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан

4 - сайыс: «Ас - адамның арқауы»


- жүргізуші: төртінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
Оқушылар:
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

Наурыз тойы – береке,


Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз.

5 - кезең: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»- отбасы балаларына тапсырма


Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, асықтар алыптапсырмаларды анықтайды.

• Бес қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)


• Жеті жетім:
Тыңдаусыз қалған сөз жетім
Қиюсыз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім
Аққу, қазсыз көл жетім
Елінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім
• Жеті атаны айт.
• Үш арсыз(ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
• Жеті қазынаны білесің ата.
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы
• Үш тәтті
Жан тәтті
Мал тәтті
Жар тәтті
- жүргізуші: Бесінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
Оқушыларға:
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып!

Наурызда жаңа жыл басталады,


Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.

Наурызда жаңа жыл басталады.


Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.

6 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған».


Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.

- жүргізуші: алтыншы сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

- Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.(Қыдыр ата келеді)
Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!
Қыдыр ата бата береді.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі отбасыларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Отбасылардың жарысы,
Келіп жетті мәреге
- дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған отбасылық жарысымыз аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау балыңыздар!

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Сұлужон мектеп оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Садвакасова Зарема Хамзатқызына беріледі.
2-жүргізуші:

Уа, жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызымыз армысың!

2-жүргізуші

Наурыз байланысты тағы қандай ерекшеліктер бар, халықтан сұрап көрейікші. (Дайындалған карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді).

         Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазакстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік.

         Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызегім келдің бе?» деп шақырып жем шашады. Наурызекті ешкім қумайды, үркітпейді.

        Наурызнама – шат-шадыман, ойын – сауық. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыздар жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды.Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна пәктікпен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

         Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «белкөтерер»

деп аталатын дәм дайындалып таратылады.

         Наурызша. Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.

        Наурызкөже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен( сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс,т.с.с.) жасап, оған қазы,шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурызкөженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

1-жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

2-жүргізуші

Наурыз тойы, Наурыз тойы,


Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

Олжас пен Диас «Наурыз тойы»

1-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам.
Толықсиды нұрға толып, елжіреп

2-жүргізуші:
Әр елдің салты басқа демекші, әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Абылай хан ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге болыңыздар.

(Ауыл бейнесі. Ортада стол, ата, әже,немересі, келіні)
Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Рахмет, Ата. Келесіде біліп жүретін боламын.

Қыдыр ата келеді. Амандасады, үстелге отырады

1-жүргізуші:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар 
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар!

2-жүргізуші:

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.


Жарапазан айтатын Бекзат, Амангелді келеді.

Бекзат:

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.

Тілесек денсаулықты бас – басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

Амангелді:

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Қыдыр ата: Жарайсыңдар балаларым, өнерлерің өрге жүзсін.

Ата: Қыдыр атадан бата сұрайық

Қыдыр атаның батасы
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Әумин.

Ата: Бәйбіше, бүгінгі Наурыз мейрамын қос мерекеге ұластырып құдағиды шақырып немеремізді бесікке салғызайық.

Көрініс «Бесікке салу»

(Жастар келеді: Нұрсұлтан, Жанибек, Даурен) Амандасады.
Жанибек: Наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге сәлем беруге келдік.
Ата: Ия балам өркенің өссін!

Үстелге отырады. (Келіні көже ұсынады)

Даурен: Ата мерекелерңізге арнап бір ән шашу дайындап келдік. Соны орындап берейік.

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Жігіттердің орындауындағы «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.

Немересі: Ата, біздің ауыл не себепті Абылай хан ауылы деп аталады. Абылай хан деген кім, қандай адам болған?

Ата: Қазақ елінің Үш жүзінің басын біріктірген хан болған.....
Көрініс. Абылай хан туралы. (Атасы әңгімелеп отырғандай болады, көрініс көрсетіледі)

Ата: Міне, балам. Абылай хан осындай болған.

1-жүргізуші:

Қош келіпсің, Наурыз!

Арман тойы халықтың,

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік біз сізге!



2-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға «Назерке» би ұжымының орындауындағы «Қазақ биін» ұсынамыз.

1-жүргізуші.
Жарқырасын Сұлужондай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!

Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!

Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы концерттік бағдарламаның сценариі.

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады). («Қош келдің, Жаңа жылым!» әні орындалады)

2- жүргізуші:

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-оқушы: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде төмендегі видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

2-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар(интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі):

«Қамажай» биі биленеді.

1-жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Наурыз көже ішуден жарыс.

Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. "Алға, қазақ жігіттері" әні орындалады.

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті қазақша күйге берейік.

Ән-шашу. «Наурыз думан» әні орындалады.

1-жүргізуші: Шашу! Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

2 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!



(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет