Тақырыбы: «ән шырқайық бәріміз»



Дата29.07.2022
өлшемі15,9 Kb.
#147857
Байланысты:
«ән шырқайық бәріміз»


Тақырыбы: «ән шырқайық бәріміз»

Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл- қыздарын тәрбиелеу.

Міндеті: Шығармашылық ізденісін, есту және есте сақтау қабілетін арттыру. Білім мен дағдысының деңгейін анықтау. Шығарманы тыңдай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға үйрету.

Көрнекілігі: Музыка техникасы, комп. Экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және оқушылар!

«Ән шырқайық бәріміз» атты музыкалық сайысқа қош келдіңіздер!

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, күйші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді.

Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыз сайыс түрінде өтеді. Біздің сайысқа қатысатын оқушыларымыз 2 топқа бөлінді.

Бірінші топ – «Көңілді ноталар» тобы

Екінші топ – «Қоңыраушылар» тобы

(Бөлімдермен таныстыру)

Интерактивті тақтадан бөлімдерді жазып көрсету.




  1. Кезең. «Аспаптар үнін ажырату»

2-кезең. «Ән шырқайық бәріміз»

3-кезең. «Әнді тауып ал»

4-кезең. «Сұрақ-жауап»


Әділдікпен баға берер сендерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Қазір енді қазыларды сайлайық

Алғыр топты ішінен таңдап алуға, - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар….

Ендеше сайысымызды бастайық.




  1. Кезең. «Аспаптар үнін ажырату»

Біздер бәріміз музыка тыңдағанды жақсы көреміз. Сүйікті әуенді естіген кезде, жақсы досымызға күлімсірегендей күлімсірейміз. Міне соның арқасында әуенге елітетін көптеген музыкалық аспаптарды білесіңдер деп ойлаймын. Қазір мен музыкалық аспаптардың үнін жіберемін, сендер қандай аспап екенін ажыратуларың тиіс. Сендер тақтада берілген ноталарды таңдаңыздар, сол нотаның астындағы аспаптың үнін тауып, қандай аспап екенін ажыратыңыздар. Әрбір дұрыс жауап үшін топтар 1 ұпайдан алады.

«Көңілді ноталар» тобы бастайды.
«Қоңыраушылар» тобы

Арайланып әрбір таңымыз,

Арайланып ән мен сәніміз.

Туған жердің төсінде тұрып,

Шырқайық, кәне, бәріміз!

2-кезең. «Ән шырқайық бәріміз»




  1. Кезең бойынша сендер берілген әнді тыңдап,қай әннен үзінді екенін табуларың қажет. Дұрыс тапқан топқа 2 ұпайдан беріледі. Тапқан әнімізді қосылып бірге шырқаймыз.

«Қоңыраушылар» тобы бастайды.

«Көңілді ноталар» тобы.


  1. Кезең. «Әнді тауып ал»

Мына берілген сандардың астында әндер жасырылған, әр топ өздері таңдаған сандардың астындағы әнді тауып тиісті ұпайға ие бола алады.

«Көңілді ноталар» тобы.

«Қоңыраушылар» тобы.




  1. Кезең. «Сұрақ-жауап»

Осы соңғы кезеңде әр топқа 6 сұрақтан беріледі. 6 сұрақтың бәріне дұрыс жауап берсеңдер 6 ұпай беріледі. Яғни, 1 сұраққа 1 ұпайдан ала аласыңдар.

«Көңілді ноталар» тобы

«Қоңыраушылар» тобы

Жарайсыңдар, балалар! Бәріңіз жақсы қатысып, жақсы жауап бердіңдер.

Ендеше, әділқазылар өз қортындыларын шығарғанша біздер Дәріс Рысхан мен Қадырбекова Алинаны «Алтын күз» әнімен ортаға шақырамыз.

Әділқазыларға сөз беріледі.

Көңілді ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,



Осымен аяқталды сайысымыз.


Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет