О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының халқы



Pdf көрінісі
бет45/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

7-кесте 
Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының халқы

Облыстың
аты
Халық 
саны
Қала 
халқы
Ауыл 
халқы
Ерлер 
саны
Әйел дер 
саны
1
Оңтүстiк 
Қазақстан
2025, 4
740,3
1285,1
993,7
1018,3
2
Алматы
1561,8
448,3
1113, 5
769,3
796,6
3
Жамбыл
985, 7
448,9
536,8
469
516,4
4 Қызылорда
605,5
365,4
240,1
301,1
302,3
6-тапсырма. Салт-дәстүр аялдамасы. 
1. Жер-су жайында мақал-мәтелдер айтылды. 
2. Оңтүстiктегi көне қалалар атауының шығу тарихына тоқ талды. 
Сабақтың соңында оқушылар бiлiмi бағаланып, үйге тапсыр-
ма берiлдi. 
Халық педагогикасын сабақта тиiмдi пайдалану жолда ры 
артып, отандарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi де жоға ры-
лады. 
9-сыныпта «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық геогра-
фиясы» пәнiнен «
Ауыл шаруашылығы
» тақырыбын қорытын-
дылау мақсатында сайыс сабағын өткiзу. 
Көрнекiлiгi: статистикалық материалдар, Қазақстанның 
эконо ми калық картасы, төрт-түлiктiң суретi, өсiмдiктердiң кеппе-
шөптерi, т.б. 
Жалпы сайыс бағдарламасы:
1. Бiлiмдiлер сайысы. 
2. Мақал-мәтелдер сайысы. 
3. Кескiн картамен жұмыс. 
4. Суреттер арқылы жұмыс жасау. 
5. Сергiту сәтi. 
Оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу барысында «Бiлiм дi-
лер сайысы» өткiзiлдi. 
1. Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. 
2. Бұғы шаруашылығы дамыған аудан. 
3. Түйе шаруашылығы дамыған аудан. 
4. Қазақстанда өсiрiлетiн сиырдың қол тұқымдары. 
5. Дәндi-дақылдар. 


94
6. Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстарында өсiрiлетiн тех-
ни ка лық дақылдар. 
7. Қазақстанның солтүстiк-батысында өсiрiлетiн дақыл. 
8. Қазақстандағы тың игеру басталған жыл. 
2-сайыс. Мақал-мәтелдер жарысы. Әр оқушы төрт-түлiк, 
өсiм дiк жайлы мақал-мәтелдер айта отырып, мағынасына үңiлдi. 
Са нына шек қойылмады. Мысалы, «Күрiш арасында күрмек те су 
iшер». «Бәйшешек гүл – жердiң көркi, бiлiмдi ұл-қыз елдiң көркi». 
Мақалдар арқылы адамдар бойындағы қасиеттер айтылды. 
3-сайыста оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын арттыру 
мақсатында «Кескiн картамен жұмыс» жасалды. 
1-топ. Кескiн картаға қой, ешкi шаруашылығы дамыған ау-
дандарды түсiрдi, қойдың қол тұқымдарын атады. 
2-топ. Кескiн картаға жылқы, түйе шаруашылығы дамыған ау-
дандарды түсiрiп, қол тұқымдарын атады. 
4-сайыс. «Суреттер жарысы»
1-топқа – дәндi дақылдар суретi (бидай күздiк, жаздық, арпа, 
тары, сұлы, жүгерi, күрiш, қарақұмық). 
2-топқа – техникалық дақылдардың суретi (мақта, қыша, қы-
зыл ша, күнбағыс, темекi, зығыр). 
Әр топтан бiр-бiр оқушыдан шығып, осы суреттердi алды-
мен кеспелердiң арасынан терiп алды, содан кейiн өсiрiлетiн 
облыс тарға апарып iлдi. Оқушылардың дәндi және техникалық 
дақыл дар жайындағы бiлiмдерiн тексерiп, облыстардың ауыл-
шаруашылығына шолу жасаттық. 
«Сергіту сәтінде» мұғалiм өсiмдiктер мен жан-жануарлар дың 
тiршiлiк әрекеттерi жайлы қызықты материалдар келтiрдi. 
Сабақтың танымдық сәтiнде мұғалiм Қазақстандағы малдың 
қол тұқымдары мен өсiмдiктердiң iрiктемелерiн жасаған ғалым-
дардың еңбектерiне тоқталады. 
Қазақстандағы мал тұқымдары. 
Қой тұқымдары: 
1. Қазақтың арқар-мериносы. Академик М.Ф. Ивановтың 
ұсын ған әдiсi бойынша биязы жүндi қойды таудың тағы арқары-
мен шағылыстыру арқылы алынған. Дүниежүзiндегi бiр ғана қой 
тұқымы. Авторлары: Н.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Боль-
шакова, Ж. И. Жандеркин. 


95
2. Қазақтың биязы жүндi қойы – авторы В.А. Бальмонт. 
3. Дегерес қойы – авторлары В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев 
және т.б. 
4. Едiлбай қойы – халықтық селекциялық жолмен алынған. 
Құйрықты қойлардың ең құнды тұқымы. 
5. Қаракөл қойы – көп ғасыр бұрын Орта Азияда, Бұхар же-
рiнде шығарылған, қазiргi таңда қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл-
қоңыр, шатури түстi түрлерi бар. 
Iрi қара мал тұқымдары:
1. Қазақтың ақбас сиыры. Қол тұқым қазақтың жергiлiктi сиы-
рын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты 
герефорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алған. 
2. Алатау тұқымы. Қазақтың жергiлiктi сиырын швецкий бұ-
қа сымен будандастыру арқылы алған. Сонымен бiрге қырдың қы-
зыл сиыры, симменталь iрi қара және әулие-ата тұқымдары бар. 
Жылқы тұқымдары: Қостанай жылқысы, Көшiм жылқысы 
және Мұғалжар жылқы тұқымдары бар. 
Қазақстандағы өсiмдiк iрiктемелерi. 
Қазiр Қазақстанда 200-ден астам ауылшаруашылық өсiмдiк-
терiнiң iрiктемелерi мен будандары аудандастырылған. Елiмiз 
астықты аудан болғандықтан – бидайдың жаңа iрiктемелерiн шыға-
ратын ғылыми-зерттеу институттары бар. Мысалы: А.И. Бараев 
атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс ти-
туты (Ақмола облысы, Шортанды) қазақтың В.Р. Вильмс атын-
дағы егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, 
Алмалық). Академик Р.А. Оразалиев өзiнiң шәкiрттерiмен 
соңғы 20 жылдың iшiнде 30-дан астам бидайдың iрiктемелерiн 
шығарып, будандастырды. Қазақстан ғалымдары Богарная-56, 
Алмалы, Красноводопатская-210, Алматинская полукарликовая, 
Прогресс, Жетiсу, Қарлығаш, Шортандинская-25, Целинная-25, 
Казахстанская-10, Арай, Ақмола, т.б. сорттарын шығарды. 
Сабақ соңында мұғалiм iрiктемешi-ғалымдардың Қазақстан 
ғылымының дамуына қосқан ерен еңбектерiн айтып, олардың өз 
Отанының патриоттары екендiгiне тоқталды. 
Сөйтiп, Қазақстанның физикалық және әлеуметтiк-экономи-
калық географиясы пәндерi бойынша тақырыптарды конферен-
ция, баспасөз-конференция, лекция, саяхат, сайыс, т.б. сабақтары 


етiп өткiзiлген жолдары қарастырылды. Карта, кескiн карта, 
кесте, дидактикалық материалдармен жұмыс жасау арқылы 
оқушылар халық педагогикасының дәстүрлерi – өлең-жырлар, 
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөз, т.б. теориялық бiлiммен 
ұштастырып, сұрақтарға жауап бердi. Нәтижесiнде оқушылар 
Қазақстанның географиялық орны, зерттелу тарихы, пайдалы 
қазбалары, территориялық табиғат аудандары, iшкi сулары, эко-
логиялық проблемалары, Оңтүстiк Қазақстан экономикалық 
ауданы, т.б. көптеген ұғымдарды қалыптастырды. Тақырыптар-
ды халық педагогикасының дәстүрлерiмен байланыстыра оты-
рып, пәнге деген қызығушылықтары артып, Отандарына деген 
сүйiспен шiлiк сезiмдерi қалыптасты. 
Қорыта айтқанда, біз география пәндерін оқытуда оқушы-
лар дың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда тек қана «Қазақ-
стан ның физикалық және әлеуметтік-экономикалық география-
сы» пәндерінің кейбір сабақтарын ғана мысалға алдық. Өзін дік 
жұмыстарды география пәнінің басқа курстарында да ұйым-
дастыруға болады. Ол тек ізденімпаздық пен еңбекті қажет етеді. 
Біздің Қазақстанның географиясын алу себебіміз, біріншіден, 
оқушылардың өз жеріміздің, еліміздің географиясы туралы 
білімдерін тереңдету, екіншіден, оқушылардың Қазақстан тура-
лы білімдері біршама бар, ол өз кезегінде өзіндік жұмыстарды 
жүргізуге септігін тигізеді, үшіншіден, олардың ізденуіне, өз 
бетінше жұмыс жасауына қолайлы. 


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет