О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет2/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

ӘОЖ 91 (076.5)
КБЖ 26.8
© Ақашева Ә.С., Дүйсебаева К.Ж., 2013
ISBN 978–601–
0
4–
0035

1
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013


3
КІРІСПЕ
«География» 
гректің 
«geo» – жер, «grafo» – сызамын, жаза-
мын деген сөзінен шыққан. «География» жаратылыстану және 
қоғамдық пәндер цикліне жататын жалғыз ғылым. Физикалық 
география жер және оның қабықтарының жаратылысын, табиғи 
объектілерін зерттеп, жаратылыстану ғылымына, ал әлеуметтік-
экономикалық география қоғамдық нысандар мен құбылыстарды 
қарастырып, қоғамдық пәндер цикліне енгізіледі. 
«География» – ерте кезден-ақ дамыған ғылымдардың бірі. 
Оған дәлеліміз – ежелгі заманда тастар мен папирус қағаздарға 
сызылған карталар мен таңбалар. Алғашқы қауымда адамдар 
жабайы аңдарды аулайтын және өсімдіктерді теретін орындар-
ды белгілеп отырды. Ал ғылыми тұрғыда география Аристотель, 
Платон, Гиппарх, Эротосфен, Птолемей, т.б. еңбектерінде көрініс 
тапты. Жердің пішіні мен жаратылысы жөнінде қаншама пікірлер 
мен көзқарастар пайда болды. 
Ерте дәуірде біршама жетістіктерге жеткен география ғы-
лымы орта ғасырларда кереғарлықтың шырмауында қалып, то-
қырауға ұшырады. Тек Ұлы географиялық ашылулар заманында 
қайтадан өрлеу жолына түсті. Х. Колумб, В. Гама, А. Веспуччи, 
Г. Гудзон, А. Тасман және орыс саяхатшыларының зерттеулері 
осының айғағы. 
Қазақстанда да география ғылымдарының өзіндік даму жолы 
болды. Әсіресе араб, қытай жазбалары мен деректері, бертін келе 
Ресей ғалымдарының: Л.С. Берг, П.П. Семенов Тянь-Шаньский, 
Д.Л. Арманд, А.Г. Исаченко, т.б. еңбектерін атауға болады.
Ш.Ш. Уәлиханов пен Қ.И. Сәтпаевтың зерттеулерін ерекше ай-
тып өтуіміз керек. 
Егемендік алғаннан кейін Қазақстан географиясында тың 


серпін пайда болды. Осыған дейін аз көлемде оқытылып келген 
«Қазақстанның физикалық және әлеуметтік-экономикалық гео-
графиясы» 8-9 сыныпта 68 сағатпен жүргізілді. Пәнді оқытуға 
қосымша көптеген оқу-әдістемелік және көмекші құралдар пайда 
болды. Ә. Бірмағамбетов, Қ. Карпеков, Ә. Бейсенова, Ұ. Есназа-
рова, А. Темірбеков, Е. Ахметов, Ш. Кәрібаева, К. Қаймулдинова, 
Н. Кәрменова, К. Мамырова, Б. Асубаев, Т. Увалиев, т.б. ғалым-
педагогтар мен жаңашыл-әдіскерлердің бірнеше еңбектері жарық 
көрді. 
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында «География» маман-
дықтары бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құрал-
дарының аздығы байқалып отыр. Көбісі орыс тілінде, интернеттен 
алынатын мәліметтер де осы тілде. Сондықтан біз студенттерге 
көмегі тисін деп осы оқу құралын жарыққа шығарып отырмыз. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет