О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

ағылшын сөзi (
test
), аударғанда «байқау», «бақылау», 
«зерттеу»
деген мағына бiлдiредi. Педагогикада тесттi пайдалану 
130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алдымен, педагогика лық 
тестiнi 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны 
Гринвич госпиталiндегi мектепте пайдаланған. Кейбiр мамандар 
бiлiмдi тест түрiнде тексерудi америкалық психолог педагогы
С. Пресси мен оның қызметкерлерi шығарған деп есептейдi. 
Бiлiм деңгейiн тест арқылы тексерумен айналысып жүрген 
ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзiн тексеруiне мүм-
кiндiк ашатын есеп берудің оқыту әдiсi деп есептейдi. Сондықтан 
бұл әдiс – сабақ үдерістерiн бiр-бiрiмен байланыстырып қана 
қоймай, бiлiмдi тексеру, бекiту, қайталау, сол сияқты жүйелеу 
құралы. Тест әдiсiнiң тағы бiр ұтымды жағы оқушылардың 
бiлiмiн тексеруде уақыт үнемдейдi, өздерi осы үдеріске тiкелей 


араласатындықтан, қызығып, белсендiлiктерiн арттырады. Педа-
го гикалық тест әдiсi оқушылардың бiлiмiн тексеруде объективтiк 
құрал ретiнде тек шет елдерде ғана емес, бiздiң мемлекетте де 
кеңiнен қалыптасуына ықпал еткен жөн. 
Оқушының игерген бiлiм, бiлiк, дағдыларын тексеру мен 
бағалаудың бiрнеше пішіні бар; оған бақылап-бағалаудың бес 
балдық жүйесiнiң пішіндері мен түрлерi жатады. 
Баға – оқушы бiлiмiнiң басты көрсеткiшi. Бағалау дегенiмiз – 
өлшем. Өлшемдi дұрыс қолдану – шәкiрт бiлiмiн әдiл анықтайтын 
қазылық жол. Бағалау 5 балдық жүйемен де, ұстаздың ауызша 
мазмұнымен де жүзеге асырылады. 
Баға жазба жұмыстарынан, ауызша жауаптарға, түрлi тексеру 
жұмыстарына, дәптер тазалығына, каллиграфия көркемдiлiгiне 
қойылады. Бағалау оқушының оқу-тәрбие алу үдерiсiнiң деңгейiн 
көрсетедi. Бағалауға 2 нысан қатысады, мұғалiм – бағалаушы, 
оқушы – бағаланушы. Бағалаушы, бағаланушының білімін сан-
дық балмен бағалайды. 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет