С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет39/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

VI
 
Т а р а у 
ОҚЫТУШЫНЫҢ СӚЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ 
 
 

Оқытушының кəсіби дайындығындағы сөйлеу мəні 

Педагогикалық сөйлеудің тҥрлері жəне сапасы 

Педагогикалық сөйлеу функциялары 

Сөйлеу жəне педагогтың коммуникативті мінез-қҧлқы 
ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫНДАҒЫ 
СӚЙЛЕУ МӘНІ 
 
Жас ҧрпақтың табиғатты, қоғамды дамыту заңдылықтарын 
тҥсінудегі, адамдармен адамгершілік қарым-қатынастар тəжірибесін 
алудағы педагогтың сөйлеу мəні – педагогикалық мамандықтың 
көпжылдық болуымен дəлелденген сөзсіз факт. 
Оқытушының қызметі сөйлеуді дамыту проблемаларымен, ең 
алдымен тіл жəне танымдық ҥдерістер арасындағы объективті 
байланыстар қағидасы негізінде дамитын сөйлеу мəдениетімен 
ҧштастырылған. 
Кəсіби 
қызметтегі 
сөйлеу 
мəдениетінің 
проблемасы 
психологтармен 
жəне 
педагогтармен 
Л.С.Выготский, 
Л.А.Введенская, П.Я.Гальперин, И.А.Зимняя, В.В.Ильин, В. В. 
Краевский, А. Н. Ксенофонтова, В.И. Максимов, Л. И. Скворцов, 
Л.В.Соколова жəне басқалармен əзірленген. 
Педагогикалық 
ҥдерістегі 
сөйлеу 
қызметі, 
А.Н. 
Ксенофонтованың 
сөзі 
бойынша, 
оқушылардың 
белсенді 
позициясын ынталандыру жəне көрсету ҥшін жағдайын жасайтын 
маңызды міндетті орындайды. Оқушылардың позициясының 
субъективтілігі қҧрылымдық сөйлемдер тҥрінде, сөйлеудегі 
дербестігін білдіру қабілетінен көрінеді. Оқытушы студенттердің 
сөйлеу белсенділігіне, олардың дербестігіне жəне шығармашылық 
мҥмкіндіктеріне сҥйенеді
1

Сөйлеу қызметінен тыс адам қызметінің бір де бір саласын, 
адамдардың қарым-қатынасын, адамзаттың рухани мəдениетін көз 
алдына елестетуге болмайды. Л. С. Выготский сөйлеу қызметін іргелі 
ретінде бөліп көрсетті жəне онда тҧлғаның, сананың, адамның 
барлық танымдық ҥдерістерінің даму мҥмкіндіктерін көрді. 

Нестерова Т. Г. 
Оқу міндеті как средство развития речевой деятельности студенттердің 
сөйлеу қызметін дамыту қҧралы ретінде // Материалы Жалпыресейлік ғылыми-практикалық 
конференциясы. — Оренбург, 2002. — Ч. 4. 


Сөйлеу қызметі бҥкіл білім беру ҥдерісіне қосылып жҥреді 
жəне келесі сөйлеу қасиеттерін сипаттайды: 
1)
əдеби тілдің нормаларын сақтау дҧрыстығы (екпін, 
грамматика); 
2)
сөйлеу дəлдігі – пəндік жəне ҧғымдық; 
3)
сөйлеудегі тіл бірліктерінің мағыналық тіркесуінде 
қисындылық жəне ойлау заңдылықтарына сəйкес көрінетін 
қисындылық, бірізділік; 
4)
əдеби тілде бөтен элементтердің болмауымен байланысты
адамгершілік нормаларымен қабылданбайтын тіл тазалығы; 
5)
сөйлеу мəнерлілігі – оқытушылар мен студенттердің 
назарын жəне қызығушылығын ҧстап тҧруға көмектесетін 
қҧрылымдық ерекшеліктері; 
6)
тіл байлығы (көптҥрлілігі) – бір белгілерінің, белгілер 
тізбегінің қайталанбауы, тіл қҧрылымының көптҥрлілігі (сөздік 
қоры, 
сөз 
тіркестерінің, 
лексикалық, 
фразеологиялық, 
семантикалық байлығы); 
7)
барлық тілдік қҧралдарды байланыстыратын жəне 
эстетикалық қызметі бар сөйлеу эстетикасы
1

Студенттерді оқу, тҧрмыстық, қоғамдық өмірді, сонымен бірге 
кəсіби қызметті қамтитын болашақ өмірге дайындау көп ретте 
олардың тілінің даму дəрежесімен, сөйлеу қызметінің барлық 
тҥрлерін меңгеруімен анықталады. 
Сөйлеу дайындығының қажетті деңгейін, тілді ауызша жəне 
жазбаша тҥрде тҥсінуді меңгермеген жағдайда білімді толыққанды 
игеру, талап етілетін біліктілік пен дағдыларды тҥрлі пəндермен 
дамыту мҥмкін емес
2

Мҧғалім мамандығы сөзбен тəрбиелеуде айтарлықтай 
тəжірибе жинақтады. Мектеп қабырғасынан бастап сіздердің 
əрқайсысыңыз сҥйікті оқытушының бейнесін есте сақтап қалды. В. 
И. Зозуля жəне Б.П.Ялынский Полтава пединститутындағы А. С. 
Макаренконың педагогикалық мҧрасын зерттеу бойынша 
зертханада сақталатын өз естеліктерінде, сҥйікті педагогтың 
сөздерін айтып қана қоймай, оның дауысының ырғағын, реңкін, 
ымдауын сипаттады. 
К. Паустовский өзінің тарих пəні мҧғалімі Клячинді еске 
алып, оның сөйлей білуін көрсете отырып, «сөздерді балшық 
кесектері сияқты лақтырды, жəне олармен тірі мҥсіндерді 
сомдады» деген екен. 
Әрине, соңғы онжылдықтарда қоғамның санасында басқа да 
стереотипті сөздер, мҧғалімнің коммуникативті мінез-қҧлқы – 
міндетті тҥрде қатты дауысы, ғибратты сарыны, бағалардың жəне 
ескертулердің өзгермейтіні жəне талаптарды авторитарлы тҥрде 
айтуы берік сақталып қалды. 
1
Бочкарева Т. С. 
Студенттердің тіл мəдениетінің дамуы // Вестник Оренбургского 
государственного университета. — 2001. — № 2. 
2
Сонда. 


«Мҧғалімнің ҥнімен сөйлеу», «мҧғалім дауысының темірдей 
болуы» деген тіркестер пайда болды, олар айтушының осы 
қҧбылысқа теріс қатысын немесе мысқылын білдірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет