С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


ӘЗІЛ ПЕДАГОГТЫҢ АКТЕРЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет35/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

ӘЗІЛ ПЕДАГОГТЫҢ АКТЕРЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ 
ҚҦРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
Әзіл 
дегеніміз не? Қарапайым жəне нақты анықтамалардың бірін 
В.И.Даль берді: «Әзіл – ойдың байқайтын жəне лезде салттардың, 
тəртіптердің жəне ғҧрыптардың ерсілігін көңілді, өткір, қалжыңды 
тҥрде берілу»
2

В.А.Сухомлинский айтқандай, əзіл - бҧл өмір өзенінің терең 
ағысы, сағат сайын, минут сайын жҥректері мен ойлары бір-біріне 
қатысты болатын ҧжымның ақылы мен сезімдерінің ішкі ойыны. 
Неміс философы И. Кант əзіл рухтың жақсы кҥйіне ерікті өту 
дарыны деп есептеген.

1
Булатова О. С. 
Педагогикалық əртістік: оқу қҧралы. — М., 2001. 
2
Даль В. И. 
Орыс тілінінің тҥсіндірме сөздігі. Заманауи нҧсқасы. — М., 

Кант И. 
Шығ. жин.: 6 т. — Т. 5. — М., 1966. 


Әзілдің рөлі өте ҥлкен. Ол тҧрмыстық тҥсініксіздіктерді 
реттеуге жəне өткір бҧрыштарды айналып өтуге, жағымды ахуалды
оқыту мен тəрбиелеуде жайлылықты қалыптастыруға көмектеседі. 
Осыған байланысты əзіл педагогтың актерлық шеберлігі ретінде 
ерекше мəнге ие болады. 
Антикалық философ Марк Фабий Квинтилиан оқыту қуаныш əкелу 
керек деп айтқан екен. Қуаныш мектебін қҧрудың қолдаушысы танымал 
отандық педагогтардың бірі - В.А. Сухомлинский болған, оған əзіл 
проблемасын тəрбиелеуде қою бастамасы тиісті. Оқытуда маңызды рөлді 
ол шат əзілі бар мҧғалімнің сөзіне, баяндаудың көркем стиліне, 
балалармен бірге кішкентай ертегілер мен əңгімелерді қҧрауға берген. 
В.А. Сухомлинский əзілді ықпал етудің кҥшті қҧралы деп санаған. Ол 
тəртіпті бҧзуда кҥлкіліні көру жəне кҥлкілімен ҧялту қабілеті – міне, осы 
баланың рухани əлеміне ақылымен жəне жҥрегімен кіруінде деп санаған: 
«Бала кҥлкісіз өмір сҥре алмайды. Балалар кҥлгенде ренжуге болмайды, 
қажетсіз жəне орынсыз кҥлкіні əзілмен, яғни кҥлкімен ҧялту қажет»
2

Кҥлу қабілеті – шынайы адами ерекшелік; кҥлкіліге сезімталдық, 
кҥлуге ішкі дайындық ҥлкен дамуды, буырқанған қызметті, ой 
кҥштерінің ойынын қажет етеді. Кҥлкі - бҧл ойлаудың сырт жағы. Кҥлу 
қабілетін дамыту, əзіл сезімін бекіту — ой кҥштерін жəне жастардың 
нəзік ойлауды жəне өмірді ойланып көру қабілетін кҥшейту
3

Отандық психолог А.Н. Лук «Эмоциялар жəне сезімдер» кітабында 
былай деп жазған: «Теріс, жағымсыз қобалжуларды алмастыру 
əдістерінің бірі - əзіл сезімі деп аталатын эмоционалды реакция»
4

Танымал ғалым, жазушы, Эстетиктердің Халықаралық ассоциа- 
циясының мҥшесі Ю.Б.Борев əзіл сезімі - эстетикалық сезім тҥрлерінің 
бірі жəне оның бірқатар ерекшеліктері бар деген: 
- эстетикалық идеалдарды қабылдайтын кҥлдіргі қҧбылыстарға қарама- 
қарсы қоя отырып, оларға сҥйенеді (болмаса əзіл кҥмəншілікке, 
арсыздыққа, əдепсіздікке, көргенсіздікке, бейпіл ауыздыққа айналады); 
-қҧбылыстарды 
жылдам, эмоционалды-сыни тҧрғыда бағалауға 
қабілетті, эстетикалық дамыған ақылға тəн; 
-болмыстың қайшылықтарын эстетикалық тҥрде эмоционалды қабылдау 
қабілетін болжайды; 
-бай жəне кенеттен салыстыру жəне ассоциацияларға бейімділігін 
куəландырады; 
-қҧбылысты сыни, оның жалпы адамзаттық маңыздылығы тҧрғысынан 
қарастырады
1

Әзілдің негізінде өзіне сырттан қарап білуі, яғни 
рефлексивті
2
, бірақ 
мысқылдың шамалы ҥлесімен қарау жататынын атап кету керек. Артық 
салмақтылық бар жерде зиян келтіреді, танымал телефильмнің кейіпкері 
Мюнхгаузен айтқандай: «Ақылды кейіп - бҧл əлі ақылдың белгісі емес, 
Жер бетіндегі барлық ақымақтық дəл осы кейіпте жасалады». 
Конференциялар мен съездерде жиі маңызды баяндама көңілді 
мысалмен жасалады, баяндамашы ғылыми баяндамасына қалжың қосуға 
қорықпайды. Бҧл аудиторияның тілектес назарын аударуға жəне тек 


дəлелдердің кҥшімен емес, сонымен бірге қарсыластарына уақытын да, 
кҥшін де жҧмсамай, оларға барлық айлалы дəлелдерін қҧнсыз етуге 
болатын ҧшқын əзілмен өзіне аударып алуға көмектеседі. Сондықтан 
мҧнда ойды тырп еткізбейтін əдеттегі шектерден аттап өту қабілеті 
маңызды; бҧл қабілет тек ғылыммен ғана шектелмейді. Бҧл, ойлаудың 
ерекшелігі ғана емес, тҧлғаның да қасиеті
3

Қалжың, онымен бірге жағымсыз жағдайдар мен жеңілістерді қарсы 
ала білу, кҥлімсіреу, адал ниеттілік айналасындағыларға тартымды 
болады. Неміс жазушысы Л.Берне байқағандай: «Әзіл - ақылдың сыйы 
емес, бҧл - жҥректің сыйы, оған өзінің ниетіне еру рҧқсат етілмеген 
болса, бай дарынды жҥректен шығатын адамгершіліктің өзі»
4
. Біреулерге 
бҧл ҥлкен дəрежеде, басқаларға – аз дəрежеде берілген, ал біреуге – 
мҥлдем берілмеген. 
«Педагогиканың негіздері» кітабында (1999) Б.З.Вульфов жəне 
В.Д.Иванов білім алушылар мен оқытушылардың сауалы туралы айтқан. 
Алынған деректердің негізінде олар балалар мектепте əзілді олардың 
педагогтарынан артық бағалайды деген тҧжырым жасады. 
Педагогтың жағымды қасиетерінің санында əзілді сауал жҥргізілген 
жоғары сынып оқушыларының 35 %-ы жəне тек 5 %-ы оқытушылар 
атады. 
Олар педагогикалық ЖОО студенттерінің жəне колледж 
оқушыларының мектеп өміріндегі кҥлкі жəне əзіл туралы сөздерінен 
мысал келтірді. 

Әзіл сезімінен жҧрдай адам тартымсыз болып көрінеді, оның əлемді 
қабылдау кеңдігі жетіспейді. Мҧндай адам жиі өз пікірін, сезімін болып 
жатқаннан жоғары қояды. 

Екі минутқа жететін жақсы кҥлкі сабақтағы шиеленісті жояды. 
Оқушылардың бір-бірімен жəне мҧғаліммен қалжыңдасуында жəне 
мҧғалімнің, өзінің жағдайына нҧқсан келтірмей, өз кезегінде, балалармен 
қалжыңдасуында ешқандай жамандық жоқ. мҧғалімнің сабақ пен көңіл 
көтеру əдісін ҧштастырғаны өте жақсы. 

Кҥлкі болмаса, мектепте жəне басқа оқу орындарындағы өмір өте 
қызықсыз болар еді. Әзіл оқушыларға оқу ҥдерісі барысында пайда 
болатын қиындықтармен кҥресуге көмектеседі, партада көп сағаттар 
бойы отыруға көмектеседі. Оқушылар мҧғалімге кҥледі, жəне дəл осы 
көп жағдайда оларға ортақ тіл табысуға көмектеседі, əсіресе мҧғалімдер 
балалармен бірге кҥлетін болса. 

Кҥлкі мен əзіл мектеп өмірінде соңғы орында тҧрмайды. тек жыл 
өткен сайын кҥлкі ащы жəне мейірімсіз болып келеді. Балалар ҥзілісте 
жəне сабақта өзінің сыныптасына қаттырақ тиісуге тырысады. Көп 
жағдайда бҧл қорғаныш реакциясы – егер 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет