С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет43/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

ПЕДАГОГТЫҢ СӚЗІ ЖӘНЕ 
КОММУНИКАТИВТІ МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫ 
 
Педагогтың сөзі жастарды оқыту жəне тəрбиелеу міндеттерін 
орындауды қамтамасыз етеді. 
Оқытушы өз сөзінің мазмҧны, сапасына жəне оның салдарына 
əлеуметтік жауапты болады. Сондықтан педагогтың сөзі — бҧл 
оның педагогикалық шеберлігінің маңызды элементі. 
Ғалымдар Ф.Н.Гоноболин жəне Т.А.Ладыженская айтқандай, 
«мҧғалімнің сөзі» сөз тіркесін (синонимы — «педагогикалық 
сөйлеу»), педагогтың ауызша тілі туралы айтқанда пайдаланады 
(жазбаша тілден айырмашылығы). Ауызша тіл дегеніміз сөйлеу 
ҥдерісі, ауызша сөйлемдер қҧрау, жəне бҧл ҥдерістің нəтижесі — 
ауызша сөйлемдер. Мҧғалімнің ауызша тілі — бҧл сөйлеу кезінде 
қҧрылатын тілі (жазбаша тілден айырмашылығы, мысалы оқулық 
параграфын дауыстап оқу). 
Педагогикалық тіл қамтамасыз етуге тиісті: а) өнімді қарым- 
қатынас, педагог жəне оның тəрбиеленушілері арасындағы өзара 
əрекеттесу; б) мҧғалімнің оқушылардың санасына, сезімдеріне 
олардың сенімдерін, əрекет себебін қалыптастыру, тҥзету 
мақсатында жағымды ықпал етуі; 
в) оқыту ҥдерісі барысында білімді толыққанды қабылдау, тҥсіну 
жəне бекіту; г) оқушылардың оқу жəне практикалық қызметін 
тиімді ҧйымдастыру. 
«Педагогикалық 
сөйлеу» 
ҧғымымен 
«мҧғалімнің 
коммуникативті мінез-қҧлқы» ҧғымы тығыз байланысты. Танымал 
психолог А.А.Леонтьев «Педагогикалық қарым-қатынас» деген 
жҧмысында коммуникативті мінез-қҧлқы деп жəй 

Бадмаев Б.Ц., Малышев А. А. 
Сөйлеу шеберлігіне ҥйрету психологиясы. — М., 1999. 


ғана сөйлеу ҥдерісін, ақпаратты табыстауды айтпайды, ол өзара 
қарым-қатынас сипатына ықпал ететін сөйлеуді ҧйымдастыру, 
педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасының эмоционалды- 
психологиялық ахуалын қҧру, олардың жҧмыс стилін білдіреді. 
*** 
Қорытындылай келе айтар болсақ, мҧнда мҥмкін болатын 
сыныптаманың бірі берілген. Сөйлеу қызметі тҥрлерінің сыныптамасы 
негізінде тҥрлі негіздемелер жатуы мҥмкін. 
Олар көп. Атап айтқанда, сыныптаманың мҧндай негіздемелерінің бірі 
қоғамдық практиканың ерекшелігі жатады. 
Олар: 
əлеуметтік-саяси, 
кəсіби-өндірістік, 
оқу-педагогикалық, 
академиялық (ғылыми), сот, дипломатиялық, əлеуметтік-тҧрмыстық 
жəне сөйлеу қызметінің басқа тҥрлері. 
Олардың əрқайсысына ауызша да жазбаша да тҥрлері тəн. Сондықтан 
ауызша жəне жазбаша тілдің ерекшеліктерінің талдауына олар 
орындайтын нақты, ерекше қызметтері тҧрғысынан біз негізгі 
көңілімізді бөлдік. Бҧл психологиялық тҧрғыдан маңызды. 
Ауызша жəне жазбаша тілдің шеберлігі əр адамға қажет. 
Сауатты маман болу, нақты, қысқа, сенімді етіп жəне қатесіз жазуды 
əрбір ниеттенген адам ҥйрене алады. Сөйлеу қызметінің 
заңдылықтарын білу жəне осы заңдылықтарға сəйкес өз бетінше жҧмыс 
жасай білу қажет, ал педагогтарға – студенттерді олар грамматика 
ережелерін қҧр жаттап қоймай, жазу барысында қолдана алатындай 
етіп, сөйлеу қызметін дҧрыс орындауға ҥйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет