С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет34/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

ОҚЫТУШЫНЫҢ ӘРТІСТІГІ 
 
Педагогикада əртістік əрбір болашақ маманға қажет деген факт 
кҥмəн туғызбайды. Бҧл проблема барысында жалпы əртістік, 
актерлық дарындылық жəне танымал К.С. Станиславскийдің 
отандық əртістік мектебі туралы айтпай кетуге болмайды. Пе- 
дагогикалық 
əртістіктің 
проблемасын 
əзірлеумен 
Ш.А.Амонашвили, О.С.Булатова, Н.Н.Демьянко, В.И.Загвязин- 
ский, В.П.Кузовлев, А.С.Макаренко, Е.Пассов жəне басқалар 
сияқты зерттеушілер айналысты. 
Әрбір педагог педагогикалық болмысты қалай болса да 
өзгертеді, бірақ тек қана педагог-жасампаз тҥбегейлі өзгерістер 
ҥшін кҥреседі жəне бҧл істе көрнекі мысал бола алады. 
Отандық педагогикада тҧлғаның даму проблемасын драмалық 
өнер қҧралдарымен зерттеудің тҧтас бағыты қалыптасты. 
Оқытушыны дайындауда театр педагогикасының жетістіктерін 
пайдалану идеясы жаңа емес. Әртістікті жəне актерлық-сахналық 
біліктілікті қалыптастыру зерттеуші- педагогтардың жҧмысында 
көрініс тапты. Атап айтқанда, бҧл проблеманың жеке аспектілері А. 
С. Макаренконың еңбектерінде, заманауи педагогтар Ю.П.Азаров, 
И.А.Зязюн, В.А.Кан-Калика, Н.Д. Никандровтың жҧмыстарында 
зерделеген. 
Оқу-тəрбие ҥдерісінде театр педагогикасының жетістіктерін 
пайдалану, Г.А.Гарипованың пікірі бойынша, педагогикалық 
теорияда келешегі бар деп танылды. Ол əртістік деп тҧлғаның өзін 
еркін танытуға ықпал ететін тҧлғалық қасиеттердің тҧтас жҥйесін 
тҥсінеді. Г.А.Гарипова оны өзара байланысты қҧрылымдық 
қҧрамдастар 
кешенінің: 
психофизикалық, 
эмоционалды-эс- 
тетикалық, көркем-логикалық жиынтық ретінде көрсетеді
1


Педагогикалық шеберліктің негіздері: оқу қҧралы / И.А.Зязюн, И.Ф.Кривонос, 
Н.Н.Тарасевич жəне басқалар;. И.А.Зязюннің ред. — М., 1989



Шетелдік сөздер мен сөйлемдердің сөздігінде «əртістік» ҧғымы (фр. 
artistisme) 
бір нəрсені орындаудың көркем дарындылығы немесе 
жоғары жəне нəзік шеберлігі, виртуоздық ретінде тҥсіндіріледі
2

В.И. Загвязинский əртістік – бҧл жаңаны жасаудың ерекше, 
образды-эмоционалды тілі; тҥсіністікке жəне басқамен диалогқа 
бағытталған педагог пен оқушының бірлескен шығармашылығының 
терең ойлы стилі, басқа доминанттығы;«қазір жəне осында» пайда 
болатын тірі сезімді, білімді жəне мəнді жасаудың нəзік шілтері; бҧл 
лезде жаңа жағдаяттарға ауысу қабілеттігі, жаңа образда болу, 
сабақта оқушыларға берілетін идеялармен өмір сҥре алу, шынайы 
өмір сҥру; бҧл тҧлғалық көріністердің байлығы, проблеманы қою 
жəне шешудің образды жолы, қиял ойыны, нəзіктілік, рухтылық, 
ішкі еркіндікті сезіну деп есептеген
3

О. С. Булатова В.И. Загвязинскиймен оқушы мен мҧғалімнің 
бірлескен шығармашылығы ретінде педагогикалық əртістіктің 
анықтамасына келіседі, бірақ əртістік – бір нəрсені əдемі, сенімді, 
əсерлі беру қабілеті ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушіге 
эмоционалды тҥрде ықпал ете отырып беру деп толықтырады. 
Шынайы əртістік – бҧл педагогтың ішкі дҥниесінің əсемдігі мен 
байлығы, міндеттерді шеше білуі, болашақты образдарда келістіре 
отырып, қиял мен интуицияны пайдаланып, логикалық пен 
эстетикалықты ҥйлестіре отырып жобалай алуы. Кітаптағы бар 
ережелерді оқып немесе жаттап, əртістікке ҥйренуге болмайды. 
Идеяларды тҥсінуге жəне қабылдауға болады, қиял мен интуиция, 
суырып салу, сөз бен қозғалыстың мəнерлігі жəне техникасымен, 
өзін-өзі таныстырумен, мейірімділік пен сҧлулыққа қызмет етуде 
ашықтығымен, сеніміділігімен, педагогқа сеніп тапсырылған 
жастардың ең жақсы деген қасиеттерін оятуға жəне өсіруге 
байланысты қабілеттіктер мен біліктілікті анықтау жəне дамыту 
бойынша жҧмысқа кірісуге болады
4

Әртістік тҧлғаның ішкі дҥниесінің рухани байлығының көрінісін 
білдіреді. Ол кəсіби өзін-өзі жетілдіру жəне өз білімін көтеру 
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында адамның шығармашылық 
қызметінің белгілі тҥрлерін рухани-практикалық ҥдерісінде 
қалыптасады. 
Оқытушының қызметін актер жəне режиссердің қызметімен 
салыстыруға болады. Бҧл мамандықтардың келесі ортақ белгілерін 
бөліп көрсетуге болады. 
1.
Мазмҧнды белгісі — коммуникативтік, себебі ортақ негіз 
өзара əрекеттестік, тҥрлі адамдардың жанды ынтымақтастығы 
болып табылады (бҧл жағдайда — педагог пен білім алушының). 
1
Гарипова Г.А. 
Болашақ музыка мҧғалім тҧлғасының əртістігін қалыптастыру: 
автореф. дис. ... пед. ғыл. канд. — Казань, 2002.
2
Шетелдік сөздер мен сөйлемдердің сөздігі / авт.-қҧр. Е.С.Зенович. — М., 2000.
3
Загвязинский В.А. 
Мҧғалімнің педагогикалық шеберлігі. — М., 1987.
4
Булатова О. С. 
Педагогикалық әртістік: оқу құралы. — М., 
2001.


2.
Мақсатты белгісі — адамның адамға ықпалы жəне 
серіктесінің белгілі уайымын шақыру. 
3.
Қҧралды белгісі — жасампаздың тҧлғасы жəне оның психо- 
физикалық табиғаты əсер ету қҧралы ретінде 
4.
Процессуалды белгілері: шығармашылық көпшілік алдында 
іске асырылады, уақыты белгіленген, нəтижесі динамикалық; актер 
мен көрерменнің, актер мен режиссердің, педагог пен білім 
алушының ортақ қобалжуы байқалады; шығармашылықтың 
ҧжымдық сипаты бар. 
5.
Қҧрылымдық белгісі – материалды талдау, проблемаларды 
анықтау, қайшылықтарды анықтау; ойдың туындауы; іске асыру, 
нəтижені талдау, тҥзету. 
Дəріс пен рөлдің мазмҧнымен жҥргізілетін жҧмыстың ҥш кезеңі 
бар: 

репетициялық - актерде, дəріс алдында - оқытушыда. Бҧл 
қайраткердің қиялында, ойында, сезімдерінде образдың жасалу 
кезеңі: кейіпкердің — актерде; дəрістің — педагогта; 

техникалық кезең – материал саналы, есеппен тҥзетіліп жəне 
қайраткердің өз шығармашылық заңына тəуелді болатын кезең. 
Актер рөлді бекітеді, репетицияда «тегістейді», педагог сабақты 
əзірлейді, оның ойын нақтылайды, оның барысын белгілейді, 
жоспар жасайды; 

шығармашылық ойлы іске асыру кезеңі. Актердің 
спектакльдегі жҧмысы, оқытушының — аудиториядағы жҧмысы. 
6.
Тҧжырымдамалық белгілер: автоматтандыруға берілмейтін 
жҧмыс элементтерінің болуы; тəрбиешінің əлеуметтік функциясын 
іске асыру; интуицияның, сезімнің, шабыттың болуы; арнайы кəсіби 
эмоциялар; ҥздіксіз ішкі жҧмыстың қажеттілігі (жаттығу жəне «пəн 
бойынша»). 
Актерлық жəне педагогикалық қабілеттердің ҧқсастығын 
А.С.Макаренко, Ю.П.Азаров, Н.В.Кузькина, Ю.Л.Львова жəне 
басқалар атап кеткен. Осы ерекшелікті К. С. Станиславский де 
көрсеткен. Ол актердің де, педагогтың да шығармашылығына 
қажетті негізгі элементтерді анықтады: дамыған қиял, зейін, 
эмпатия, 
рефлексия, 
қозғалғыштығы, 
əсерлілігі, 
мəнерлі 
қабілеттері, сҥйкімділігі
1

Актерлық 
жəне 
педагогикалық 
қызмет 
арасындағы 
айырмашылықты О.С.Булатова жҥйелендірді, атап айтқанда, 
елестету затындағы айырмашылықтар (актердың басқа тҧлғаға 
айналуы жəне оның рөлдік позициясымен айтылатын педагогтың 
жағдаятқа қатысы); қызмет саласының шегінде (актерде ойдан 
шығарылған жəне педагогте шынайы тіршілік шарттары); қатынас 
жасау ерекшелігінде (актер 

Станиславский К. С. 
Актердің өзімен жҧмыс жасауы. — М., 1955. 


диалогқа 
талпынады, 
оқытушы 
монологқа); 
қызметінің 
ҧзақтығында (актерге қарағанда оқытушыда ҧзағырақ); ойдан 
шығару мҥмкіндіктері (оқытушыда шығармашылықтың шекарасы 
кеңірек, ойдан шығару қажетті); қызмет бағдарламасының 
көптҥрлілігінде (оқытушыда бір кҥн ішінде ол тҥрлі рөлдер шегінде 
алуан тҥрлі болуы мҥмкін) жəне т.б.
1

Педагогикалық əртістік білім алушылардың коммуникативтік 
біліктілігінің дамуына əсер етеді. 
Коммуникативті біліктілік - 
бҧл 
байланысты іске асыра білуі, оның барысында ақпарат алмасу 
жҥреді (Е.И. Пассов). Бҧл жерде ҥлкен рөл педагогикалық əсер етуге 
беріледі (сендіру, нандыру; əсер ету; еліктеу). 
Әсер ету жəне еліктеу педагогикалық əртістікке тəн. 
Әсер ету 
эмоционалды жағдайын басшылыққа ала отырып, тиісті талдаусыз 
қабылданған мəліметтер негізінде əрекет ететін немесе басқа 
адамдардың əрекеттерін қайталайтын адамдар тобында пайда 
болады. Әсер ету кенеттен болады. 
Еліктеу 
- қандай да бір 
əрекеттерді, ымды, интонацияны қайталауда, басқа адамның 
мінезінің белгілі қырларын көшіруде көрінетін ҥлгіні қолдану. 
Еліктеу жасына қарай ерікті жəне еріксіз болуы мҥмкін. 
Сонымен, педагог тəжірибеде педагогикалық əртістіктің 
тəсілдерін меңгеріп, практикада тəсілдерін белсенді қолдануы 
қажет, коммуникативті біліктілікті жетік меңгеруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет