С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет55/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

I
 
Модель — «Сократ». 
Бҧл мҧғалім сабағында пікірталас пен 
пікірсайыс тудыруға қҧштарлығымен беделді. Оған оқу процесінде 
ҥнемі болатын текетірестердің жҥйесіздігі, дарашылдық тəн. 
Оқушылар өзіндік көзқарастарын қорғауды кҥшейтіп, өз пікірінде 
тҧруға ҥйренеді. 
II
 
Модель — «Топтық пікірталастардың жетекшісі». 
Оқу- 
тəрбие процесінде бастысы пікірталас нəтижесінен демократиялық 
келісімді іздеу маңызды делдалдың ролін белгілеп, оқушылар 
арасында келісім мен тҧрақталған ынтымақтастыққа қол жеткізу. 


III
 
Модель— «Шебер». 
Мҧғалім — сөзсіз көшіруге тҧратын, тек 
оқу процесінде ғана емес, өмірге қатысты да еліктеу ҥлгісі. 
IV
 
Модель — «Генерал». 
Тҧрақсыздықтан бойын аулақ салады, 
көңіл аударарлық талапшыл, тіл алуға қатаң қол жеткізеді, өзін 
əрдайым жəне барлық жерде дҧрыс жасадым деп есептейді, ал оқушы 
əскерге жаңа келген сарбаздай берілген бҧйрықтарға сөзсіз бағынуы 
тиіс. Типология авторының деректері бойынша, бҧл мəнер 
педагогикалық тəжірибеде бəрін қоса алғанда өзгелерге қарағанда 
кең тараған. 
V
 
Модель — «Менеджер». 
Мəнер тҥбегейлі бағдарланған 
мектептердерде таралған жəне сыныптың тиімді жҧмысының 
ахуалымен, 
бастамаларды 
марапаттау 
мен 
оқушылардың 
дербестігімен тоғысқан. Мҧғалім шешімін кҥткен тапсырманың 
мəнін əр оқушымен талқылап, сапалы бақылау мен соңғы нəтижесін 
бағалауға ҧмтылады. 
VI
 
Модель — «Жаттықтырушы». 
Сыныптағы қатынас ахуалы 
бірлесушілік рухымен жарақтанған. Оқушылар бір команданың 
ойыншыларындай, онда жеке бір өзі тҧлға ретінде маңызды емес, ал 
бəрі бірге олар көп нəрсе тындырады. Мҧғалім топтық кҥшке рух 
берушінің ролінде болады, ол ҥшін бастысы — соңғы нəтиже, 
жарқын табыс, жеңіс. 
VII
 
Модель — «Гид». 
Көп білетін адамның шынайы образы. 
Ықшамды, нақты, ҧстамды. Барлық сҧрақтарға жауабы сҧрақтар 
сияқты кҥнібҧрын белгілі. Техникалық тҧрғыдан мінсіз жəне 
сондықтан шынын айтқанда, көбінесе жалықтырғыш. 
М.Тален типтеуге салынған негізді əдейі бағдарға алады: педагог 
оқушылардың қажеттілігіне емес, өзінің қажеттілігіне орай рольді 
таңдайды. 
Оқытушының педагогикалық шеберлігі икемділік жəне 
нҧсқалықпен сипатталатын қатынас мəнеріне сөзсіз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет