С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Педагогикалық қатынас ӛсиеттері



Pdf көрінісі
бет54/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

Педагогикалық қатынас ӛсиеттері 
(қысқартылып берілген)

1.
Педагогикалық процесс педагог пен балалардың 
қатынасына негізделеді, дəл осылар — қатынастар — бастапқы 
педагогикалық 
қарым-қатынастар,əрбір 
«педагогикалық 
қозғалысқа» қайталанбас жеке мағына береді, 
оқу 
материалына өң береді немесе бала жанының қҧпияларына 
онсыз бойлай алмайтын қайталанбас сезімдер гаммасына 
педагогикалық талаппен қарауға ҥйретеді. 
2.
Педагогикалық қатынасты ҧйымдастырған кезде олар 
мҧғалім қызметінің негізі болса да, тек қана педагогикалық 
мақсаттар мен міндеттерге сҥйенбеу керек. Педагогикалық 
қатынаста 
функционал 
ерекшеліктермен 
тҧйықталу 
мҧғалімнің «өзімнен» деген қатынасқа ҧмтылуына əкеліп 
соғады. 
3.
Педагогикалық қатынасты ҧйымдастырғанда айтар сөзді 
бір бҥлдіршінге немесе топтың барлық оқушыларына нақты 
жəне соған сай бағыттау керек. Бҧл оқыту мен тəрбиелеу 
тəсілдерін дҧрыс таңдауда да өте маңызды. Қатынасты 
əңгімелесушіге нақты бағыттау қатынасты функционал саладан 
тҧлғааралық қарым-қатынасқа ауысуына ықпал етеді, бҧл 
маңызды психологиялық міндет саналады. 
4.
Педагогикалық 
процестегі 
қатынасты 
бір 
ғана 
қызметпен/функциямен — ақпаратпен шектеуге болмайды. 
Көпфункционалды 
қатынастар 
«репертуарын» 
толық 
пайдалану керек,яғни міндеттер мен ақпарат алмасуды жҥзеге 
асырып, қарым-қатынасты ҧйымдастырып, баланың жеке 
тҧлғасын танып, ықпал ету қажет. 
5.
Балалармен байланыс жасағанда «тігінен», жоғарыдан 
төмен қатынасты ҧйымдастырмаңыз. Әр балақай өзінің 
дербестігін жəне қарым-қатынастағы ерекшелігін дəлелдегісі 
келеді. 
6.
Педагог пен балалардың қарым-қатынасын жҥргізушінің 
көзқарасы барлық педагогикалық процесс логикасынан 
тҧратындай етіп қҧру керек. 
7.
Сыныптағы психологиялық ахуалды білу маңызды — 
онсыз өнімді оқу-тəрбиелік процестің болуы мҥмкін емес. Жеке 
тҧлғаға нақты психологиялық қадам жасауға көмектесетін осы 
«психологиялық камертон» дағдысын қалыптастырыңыз. 


8.
Өзіңізді сырттан балалардың көзімен қарауға ҥйрену; өз 
қызметіңізді сараптай білу; жҧмыс істейтін оқушылардың орнына 
өзіңізді қоюға тырысу; əріптестердің сабағына қатысу жəне өзіңізді 
солармен салыстыру; өзіңіздің қандай кемшіліктеріңіз балалармен 
жҧмыс істегенде əсер ететінін анықтау; өз қателіктеріңізді шын 
мойындау, білмейтін нəрсеңізді ҧялмай, айту; сабақтан бос уақытта 
балалармен байланыс орнату; егер сыныпта сізге лақап ат қойған 
болса, ренжімеңіз, қайта оның неге пайда болғанын саралауға, қандай 
жеке бас кемшіліктеріңіз оның пайда болуына əкелгенін анықтауға 
тырысу маңызды. 
9.
Балаларды тыңдауды ҥйренген абзал. Оқушы сіздің 
ойыңызша қате айтып тҧрса жəне сіздің уақытыңыз аз болса да 
соңына дейін тыңдау керек. Бҧл баланың жеке тҧлғасына деген сіздің 
ықыласыңыздың маңызды көрсеткіші. 
10.
Балалармен қатынасты ҧйымдастыра отырып, олардың 
көңілін көтеруге, сыныптағы микроклиматтың аз да болса 
өзгерістерінің сəтін табуға; өз бойыңызда педагогикалық 
бақылағыштықты дамытуға ҥнемі тырысу керек. 
11.
Кикілжің мынадай жағдайда болуы мҥмкіндігін есте сақтаңыз: 
педагогикалық сауатсыздықтың салдарын; талаптар, нҧсқаулар, 
қҧндылық тҧрғысындағы нҧсқаулықтар, дағдылар мен машықтардың 
қақтығысы нəтижесін; кикілжіңнің себебін сараптаңыз. Педагогтың 
балаларға ашулануға кəсіби қҧқы жоқ — мҧнда да педагогикалық 
қатынастың ерекшелігі жатыр. 
12.
Оқушылармен қатынас процесінде пікірталастыруға деген 
қажеттілік туады, өз қарсыласыңды ренжітіп алмау маңызды
керісінше, пікірінің жаңсақ екенін, пайымы қате екенін көрсеткен 
дҧрыс жəне т.б. Оқушының пікірінің қате екенін дəлелдегенде оның 
мінез-қҧлқындағы кемшіліктерге тиіспеу керек. Сіз оған: «Сенің 
тəртібіңнен менің қатты көңілім қалды» немесе «Мен сен ҥшін ҧялып 
тҧрмын» дей аласыз. Нəтижесінде педагогтың қатынас призмасы 
арқылы оқушының тəртібі көзге көрінеді жəне қабылданады. 
13.
Жас педагогтар байланысқа шықпайтын, əңгімелесуге 
шақырғанда қысқа жауап беретін оқушылармен қатынас кезінде 
қиналады. Егер байланыссыздықты жеңу қажет болса, онда оқушыға 
мынадай сҧрақтарды қою керек: «Неге?», «Қалай?», «Не ҥшін?» жəне 
т.б. Бҧл қатынасты дамытуға жағдай жасайды. Мҧндай оқушылармен 
əңгімелескенде жанды қарым-қатынас жібі ҥзілгенде 
«сəтсіздіктер», ҥнсіздіктер адамды қҧртады. Сондықтан қатынас 
тҧрақты жəне ҥзіліссіз болуы тиіс. 
14.
Оқушылармен қатынасқа ықылас таныту танымдық қызметті 
табысты басқаруға, ынтымақтастықты ҧйымдастыруға көмектеседі. 
Қатынаста бастамашыл болу— демек: адамдармен психологиялық 
байланысты тез жəне жігермен ҧйымдастыра білу; оқу-тəрбиелік 
процесті фактор ретінде оңтайландыру оқушылар арасындағы 
қарым-қатынастың тҥрлі ҥлгілерін қолдану; белсенді қатынас 
арқылы оларды жігермен тҥрлі қызметке қатыстыруға ықпал ету. 
15.
Оқушылармен қатынас жасағанда қыздардың өзіне тəн кейбір 
психологиялық ерекшеліктерін білу керек: олар эмоционалды, өте 
жаны нəзік, əдепсіздікке сергек қарайды, сыйламаушылықтан 
кҥйзеледі, бірақ ҧлдарға қарағанда, педагогқа деген шынайы 
қатынасын білдірмеуге тырысады. Қыздар педагогтың тікелей 
ықпалына жағымсыз əрекет етеді, сəйкесінше, жанама əсер жҥйесін 
қҧру қажет болады. 


16.
Балалармен қатынаста қалыпқа жоламау қажет. Қалыптар 
мынадай жағдайда пайда болады: өзіңді ҧстау мəнерінде; оқушылардың 
жҥріс-тҧрыс тҧрақтылығына қатысты реакцияда; оның нақты дамуы: 
мҧғалімнің «психологиялық жабықтығын» есепке алмай, сабақтағы 
əңгімені жоспарланған кестемен ойланбай қолданады; ол сабақта тек 
педагогикалық қызметін жҥзеге асырады жəне адам ретінде ашылмайды. 
17.
Кей оқушыларға қатысты жағымсыз нҧсқауларды жою қажет — 
бҧл олармен сіздің қарым-қатынасыңызға кедергі келтіріп қана қоймай, 
жалпы ҧжымдағы ахуалға кері əсерін тигізеді. 
18.
Оқушының тəртібін, білімін, өмір салтын нақ сынға алу 
пайдасыз. Оның қҧрамында тҥрлендіруші, сындарлы бастау болмайды 
жəне оған деген біздің жеке оң қатынасымызды оқушыға жеткізбейді. 
Мҧндай сын оқушыға қорғану бағытын ҧстануға итермелейді, ол 
көбінесе өзін төмен бағалауға алып келеді. Балалармен қатынаста сын 
элементі алға шықпауы тиіс, əйтпесе қарым-қатынастың жалпы 
психологиялық контексі ретінде достық жібі жойылады, ал онсыз 
іскерлік жəне тҧлғаралық жемісті байланыс болуы мҥмкін емес. 
19.
Балаларға жиі кҥлкі сыйлаңыз. Мҧғалім сыныпқа кҥлімсірей 
кірсе, оның оқушылармен кездескеніне қуанышты екенін білдіреді. 
Негізінде мҧғалімнің кҥлімсіреуі жайлы психологиялық жайды 
қалыптастырады: оларды қатынасқа шақырып, жҧмыс істеуге ынтасын 
оятады. Оқушылар мҧғалімнің көңіл-кҥйін өзі беретін пəнмен 
байланыстырады, ал ол балалардың жағымсыз психологиялық ынтасын 
тудырады. 
20.
Педагог пен балалардың қарым-қатынас процесінде мақтау, 
мадақтау, мақҧлдау бірге жҥргені маңызды. Бҧл сіздің тҧлғаңызбен 
оқушының жағымды көңіл-кҥйін байланыстыруына алып келеді. 
Мақҧлдау, қолдау, достық тілектестік — бірлескен шығармашылық 
жҧмыстың маңызды шарты. 
21.
Оқушыларға жағымды, тілектестік қатынас мҧғалімнің мінез- 
қҧлқын, жеке қызметін, педагогикалық процестің əр микроэлементін 
қабылдауға əсер етеді. Жауапқа қойылған баға, педагогтың сыни 
ескертулері мен тілектері ҥнемі оқушыларға деген қатынасымен 
қабылданады жəне тҥсініктеме беріледі. Білім беру процесінде 
педагогқа сыныптағы балаларға деген қатынасын «көрсетуге» тырысу 
керек. 
22.
Коммуникативтік жадыны дамыту қажет — бҧл мҧғалімге 
сыныппен бҧдан бҧрынғы қатынасты қалпына келтіруге,қатынастың 
эмоционалды ахуалын жҥзеге асыруға, дҧрыс екпін беруге, жеке тҧлғаға 
қатысты сол немесе басқа психологиялық бағытты нақты анықтауға 
көмектеседі. Оқушылардың аты-жөнін, олардың жеке бас сипатын, 
сөзсіз, есте сақтау керек — бҧл қатынаста өте қажет. 
23.
Қатынас процесін қҧруда (жеке əңгімеде) əңгіменің стратегия 
мен тактикасын жасау қажет; оқушы тəртібінің нҧсқаларын ойластыру 
керек. 
24.
Есте сақтаңыз, адамдарды қашанда жеке басы қызықтырады — 
оған деген сіздің қатынасыңыз, тҥсіністігіңіз, сыйластығыңыз жəне т.б. 
Оқушы, əсіресе, жасөспірім өзінжеке тҧлға ретінде қарағанды қалайды, 
сол 
арқылы 
оның 
өзін-өзі 
таныту, 
өзін-өзі 
жетілдіруге 
тырысады.Оқушылармен қатынас процесінде жеке тҧлғамен қатынасқа 
шыққан маңызды.Балалармен қатынаста ҥнемі баланың тҧлғасына деген 
риясыз қызығушылық болуы жəне олар оны сезінуі тиіс. 


25.
Ҧмытпаңыздар, сыныппен көпжылдық қатынас процесінде 
біздің қалыптасқан қатынас стереотиптеріне бойымыз ҥйренеді жəне 
біз оларды жылдан жылға еріксіз алып жҥреміз. Бірақ балалар 
өзгереді ғой, олар өседі, қарым-қатынас қҧру талаптарына деген 
олардың жҥйесі өзгереді, ал біз бала тҧлғасының өзгеруіне сəйкес 
келмейтін қатынас жҥйесін қолданып жҥргенімізді сезбейміз. 
Балалардың жасына байланысты əлеуметтік -психологиялық ҧсақ 
өзгерістерінің өзін сезуге тырысыңыз жəне олармен қатынас қҧру 
процесінде ретімен ескеріңіз. 
26.
Сабаққа коммуникативтік дайындалу туралы ҧмытпаңыз. 
Конспектімен жҧмыс істегенде сабақтың ҥзінділері мен бөліктерін 
жоспарлаңыз, сыныпта жалпы 
психологиялық ахуалды 
орнықтыруға тырысыңыз. 
27.
Қатынас процесін саралай біліңіз. 
28.
Өзіңіздің сөзіңізді аңдаңыз, ол — сіздің тҧлғалық бейнеңіз 
екенін есте сақтаңыз; дөрекі сөздерді қолданбаңыз, оқушылардың 
тілдік қателіктерін қайталамаңыз. 
29.
Қиын оқушылармен өзара қарым-қатынас қҧру жайлы 
ойланыңыз. Мынаны есте сақтаңыз: : 

қиын 
оқушы 
психологиялық 
немесе 
педагогикалық 
қараусыздықтың, физиологиялық кінəраттың салдары;

ол өзге мҧғалімдер, оқушылар, ата-анасы қалыптастырған 
жағымсыз стереотиптердің қыспағына ҧшыраған;

қиын оқушыға оптимистік болжам тҧрғысынан қарау керек; 
бҧл жерде сенімділік, оның ішкі психикалық қалпын, өмірдегі 
қиындықтарын тҥсінетіндігіңді көрсете білу аса маңызды;

балаға ойланбастан сол немесе өзге бағытты кҥштеуге 
болмайды, оқушының оған деген қатынасын өзгерту арқылы ғана 
өтуге болады;

оқушының жағымсыз ортамен тҧлғаралық қарым-қатынас 
жҥйесін өзгерту керек жəне оның мектеп ҧжымымен психологиялық 
байланыс жҥйесін ретке келтіру керек;

Қиын баламен іскерлік жеке байланыстарды табандылықпен 
іздеп қана қоймай, сонымен бірге тікелей байланыс жасауға ҧмтылу 
керек; мҧндай жағдайда педагогикалық қарым-қатынас нақтылы 
адами қуаныштармен толығады.
Шетелде педагогикалық қатынастың қызықты жіктеме мəнерлері 
жасалған, соның бірі М. Тален ҧсынған мҧғалімдердің кəсіби бағдар 
типологиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет