С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет59/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП 
 
С. И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінде 
әдеп 
сөзіне өзіңді сыпайы, 
орынды ҧстай білу
1
, қанағатшылдық сезімі деген анықтама берілген. 
Б.М. Бим-Бадтың редакциялауымен шыққан педагогикалық 
энциклопедиялық сөздікте 
педагогикалық әдеп 
балалармен қатынас 
процесінде педагог сақтауға тиісті шаралар міндеті ретінде 
тҥсіндіріледі; 
педагогикалық шеберлікпен, тəжірибемен, 
мəдениеттілік деңгейімен жəне педагогтың жеке қасиеттерімен 
өлшенеді; кез келген жағдайда (сонымен бірге кикілжің) баланың 
жеке басын төмендетпей жəне оның тəрбиешіге деген қарсылығын

тудырмай тəрбиелеу ықпалының тиімді шараларын таба білуден 
көрінеді. 
Сонымен, педагогикалық əдептің ерекшелігі мҧғалімнің кəсіби 
мінез-қҧлқы, оның əрекеті, амалының өлшемі саналатындығы; бҧл 
педагог пен тəрбиеленушінің, педагог пен ҧжымның дҧрыс 
қатынасын қҧрудың маңызды шарты; бҧл сол немесе өзге əдістерді, 
формаларды, ықпал ету жəне өзара əрекет қҧралдарын таңдау жəне 
пайдалану өлшемі. 

Ожегов С.И. 
Орыс тілінің сөздігі / Н.Ю. Шведованың ред.бой. — 19-шы бас., тҥз. — 
М., 1987. 

Педагогикалық энциклопедиялық сөздік / бас. ред. Б.М. Бим-Бад; ред. алқ.: М. 
М.Безруких, В.А.Болотов, Л.С.Глебова жəне т.б. — М., 2002. 


Педагогикалық 
əдеп 
қатынас 
субьектісінің 
жеке 
бас 
ерекшеліктерін есепке алуды, педагогтың адамгершілік-этикалық 
кəсіби ережесін

сақтауды көздейді. 
Өзіміз көріп отырғандай, мҧғалім мен оқушының қатынас 
процесінде/ҥдерісінде екі кереғар қатынас пайда болады. Шынайы 
тəрбиенің нəтижесі педагогқа жақсы эмоцияға негізделген қарым- 
қатынасты қҧруға мҥмкіндік береді. Әрекеттің соңғы мақсаты 
тҥрінде емес, жақсы эмоционалдық əсерге қол жеткізу ҥшін болуы 
мҥмкін жағдайларды жеңетін қҧрал ретінде жағымсыз эмоциялық 
кҥй пайда болуы мҥмкін. 
Тəжірибе көрсеткендей, педагогикалық əдептің болуы мҧғалімге 
жағымды эмоция арқылы балалармен психологиялық байланыс 
орнатуға жəне қолдауға мҥмкіндік береді. 
Көпшілік мақҧлдаған 
«əдеп» тҥсінімен салыстырғанда 
педагогикалық əдептің мəнін ашудың қиындығы осы қҧбылыстың 
ерекшелігіне байланысты. 
Әдеп 
турасын айтқанда, «жанасу» деген мағына береді. Бҧл 
адамдардың қарым-қатынасын реттеуге көмектесетін категория. 
Гуманизм принциптеріне негізделген əдепті мінез-қҧлық, тіпті 
кҥрделі жəне қарама-қайшылықты жағдайларда адамға деген 
сыйластықтың сақталуын талап етеді. 
Әдепті болу — əр адамға, əсіресе, дамушы тҧлғамен қатынасатын 
педагогқа қойылатын адамгершілік талаптары. 
Педагогикалық əдеп— педагогтың кəсіби қасиеті, оның 
шеберлігінің бір бөлігі. Педагогикалық əдеп жалпы «əдеп» 
тҥсінігінен ерекшеленеді, ол тек мҧғалімнің тҧлғалық қасиеті ғана 
емес, сонымен бірге оқушылардың ыңғайын дҧрыс білу, яғни 
балаларға тəрбиелік, ықпал етуші қҧрал болып табылады. 
И.В.Страховтың 
тҧжырымдауы 
бойынша, 
оқу-тəрбие 
жҧмысының табыстылығы ең алдымен педагогикалық əдепке 
негізделген педагогикалық шеберлікке байланысты. 
Педагогикалық əдептің мынадай негізгі белгілері бар: 

табиғилық, дөрекі сөзсіз қарапайым қатынас;

жасандылықсыз, ақжҥректілік

салғыртттықсыз оқушыға сену;

жалынышсыз өтініш;

беймазалықсыз кеңестер мен ҧсынымдар;

тəрбиеленушінің өзіндік қасиетін тҧншықтырмай талап ету 
жəне сезімін тудыру;

қатынастардағы қырғи-қабақсыз байыптылық;

қорлаусыз кҥлкіге қҧрылған əзіл мен сықақ;

ҧсақ қазымырлықсыз талап ету;

Педагогикалық мамандыққа кіріспе: оқу қҧралы / А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, 
И.Г.Шапошникова жəне т.б.; А.С.Роботованың ред. 



ашуланшақтық, салқындық жəне қҧрғақ қатынассыз іскерлік;

тəрбиелік ықпалды жҥзеге асырудағы қатаңдық пен реттілік;

ҧсақ-тҥйексіз өзіндік қорғалымды дамыту;

асығыс жəне оғаш қылықсыз шешім шығару арқылы 
тəрбиелеу ықпалының жеделдігі мен уақыттылығы;

өз бақылауыңызды білдірмей оқушыға мҧқият болу; 
немқҧрайлылық пен шектен тыс əсерленгіштіксіз қатынастағы 
байыпты зейін мен салмақтылық;

дидактизм мен морализмсіз оқушылармен əңгімелесу.
Педагогикалық əдептің басты белгісі — қатынас процесінде

педагог пен оқушының қатынас шараларын табу. 
Сонымен, педагогикалық əдеп мҧғалімнің байсалды мінез- 
қҧлқынан көрінеді. Ол «оптимистік гипотеза» тəсілдемесі 
тҧрғысынан, тіпті қателесу тəуекелімен оқушыға сенімділікпен 
қарауды талап етеді дейді А. С. Макаренко. Оқушының мҥмкіндігін 
пессимистік көзқараспен бағалайтын жəне ҥнемі соны еске салып 
отыратын мҧғалім əдепсіз саналады. Мҧғалімнің сенімі оқушыларды 
жҧмысқа ынталандыруы тиіс. Ол ҥшін оқушының табыстарын əдейі 
көбейтіп айту тəсілін де қолдануға болады, сонда ол өзінің 
тырысқанына, табысына қуанатын болады. Егер шынайы сенім 
артылса, ол салғырт емес, ықпалды болады, егер тəрбиеленушіге 
қатысты мҧғалімнің қырағылық ҥлесімен, бақылауымен байланысты 
болса, онда нақты істермен бекиді. Бірақ бақылау педанттық 
болмауы керек, кҥдікпен қысым көрсетілмеуі тиіс. 
ЖАНЖАЛДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕШІМІ 
Педагогикалық этика туралы айтқанда, білім саласындағы өткір 
мəселенің бірі — жанжал туралы айтпай кетуге болмайды. 
Адамдардың көңіл кҥйіне əсер ететін жəне оқушылардың арасында 
да, мҧғалімдердің ҧжымында да микроклимат тудыратын қатынастар 
тез өзгеретін жағдайларға байланысты, олар жанжалдың тууына 
алып келетіні жасырын емес. 
Біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет