Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында
педагогикалық
процестің тәрбиелік тетіктері- педагогтер мен оқушылар арасындағы, ұжым
ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі, яғни тәрбиенің заңдылықтары зерттеле
бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама кейін
педагогикалық процестің оқу процесіндегі заңдылықтарын В.И.Загвязинский,
Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. ғалымдар зерттей бастады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау
жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген
ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б.
С.Қ.Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей
анықтама береді: «Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың
дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты
байланыстары, ал педагогикалық заңдылық – нақты педагогикалық заңның
94
көрінісі». Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы
байланыстарын көрсетеді, олар өз кезегінде жеткілікті дәрежедегі күрделі
байланыстарды құрайды.