90
біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік
өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық
процесс
білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін
шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс –
бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі
тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас
процесс.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің
ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс алға басу, жағдай, белгілі бір
нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Мұнда «процесс»
деген ұғымның мағынасы «
мұғалім мен оқушы
» жүйесіндегі түпкі мақсатқа
бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды
өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің
сыртында мұғалім үшін өте маңызды бірқатар мәселелер туындайды: не
себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі
(А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің
бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара
әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская,
В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма
(А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін
білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев)
және қызмет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б.
Педагогикалық
процес
тің негізі тірегі – бұл оқу және тәрбие.
Педагогикалық
процес
тің
құрылымы
екі
тұрғыдан
қарастырылады:
педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы; іс-әрекеттік
құрамы (28-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: