96
Б.П.Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған
көрсеткіштерін
айқындайтын
ғылыми
бағыттағы
педагогикалық
диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады.
Педагогикалық диагностика – сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-
әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын
анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы»
жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова).
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік
негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту
және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.
Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең
әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда
болғанын түсіндірмейді. Диагностикалау қорытындының қай жолмен, қандай
нұсқалармен байланысты екенін қарап, оқыту құрылымының серпімділігін,
процестердің басын ашады. Диагностикалаудың ішіне бақылау, тексеріс,
бағалау, статистикалық мағлұматтардың жиынтығы, оның
талдауы,
серпімділігі, жағдайдың әрі қарай дамуын болжау кіреді. Осылай,
педагогикалық диагностиканың үндеуі
Достарыңызбен бөлісу: