86
талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең басқару –
бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын
қалыптастыру барысындағы оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі
басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да
күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-
ақ, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің қызметтеріне мектеп директоры мен
директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша
орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше
қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік
мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен,
қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде
атқарылып отырылады.
Мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым.
Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса
орындалуынан тәрбиенің жалпы мақсаттары іске асып отырады. Мұндайда
өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт.
Бұл
да
педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп
жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ,
білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де басшылыққа алған жөн:
әртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық
ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз
қарамағындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы.
Менеджмент – адамдардың қарым-қатынасының ең қолайлы тәсілі. Кез
келген жұмыстың сапалы, нәтижелі орындалуында адамдардың өзара қарым-
қатынастарының алатын орны ерекше.
Менеджмент жүйесінде маманға аса қажетті сапалар:
Достарыңызбен бөлісу: