Білім алушылардың
оқу жетістіктерін бағалауда төмендегідей
бақылау түрлері қолданылады:
1) күнделікті( сабақ сайын) – нақты сабақтың оқу материалын меңгеру
нәтижелерін қадағалау;
2) тақырыптық – оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша
білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;
3) жалпылай – тоқсан соңында немесе жартыжылдық жеке оқу курсы
бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер
мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау;
4) қорытынды – нақты сыныптағы немесе мектеп сатысындағы білімінің
соңғы нәтижелерін (аттестация) қадағалау.
Бақылау құралдары: тест; бақылау жұмысы; емтихан; сынақ;
мемлекетаралық бақылау; олимпиада; байқаулар және т.б.
Соңғы кезде оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылауда көбінесе
тест әдісі қолданылады.