227
Мектеп директоры, оның оқу-тәрбие, әдістемелік және ғылыми
жұмыстарды
басқаратын
орынбасарлары
ұжым
пікірі
және
оның
қорытындылары негізінде педагогикалық кеңестің мәжілістерінде оқу, сабақтан
тыс пәндік және тәрбие жұмыстары бойынша жинақталған талдаулар жөнінде
пікір алысады: оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жағымды, жағымсыз
жәйттерді анықтап, талдап, жағымдысын дамытып, жағымсыздарын жою
жолдары белгіленеді. Бұл мектепте жағымды психологиялық ахуалды жасауға,
оқытудың барысын жақсарту жолдарын, әдістерін табудың тиімді жолдарын
таңдауда мүмкіндік береді.
Әрбір мектеп қазіргі кезде өзінің жеке басқару бағдарламасын жасайды.
Сол бағдарламада педагогикалық ұжым міндеті ашық көрсетіледі. Сол
міндеттің бірі – педагогикалық кеңестің шешімі. Жоғарыда айтылған кеңестің
түрлерімен қоса оның шешімдері қалай қабылданады, кім орындайды,
орындалу мерзімі белгіленеді.
Мектепті басқарудың жоғары сатысы – педагогикалық кеңес болып
табылады. Жетекші басқару жұмысына ұстаздар, оқушылар, ата-аналар қалың
жұртшылық қауым қатыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: