«Y» теориясы бойынша :
1)
еңбек – табиғи процесс. Егер қолайлы жағдай болса, жұмысшылар
өзіне тек ғана жауапкершілікті алмайды, оған қол жеткізеді;
2)
егер жұмысшыларды ұйымдастыру мақсатына кіріктірсе, онда олар
өзін-өзі басқара алады және өзін-өзін бақылай алады;
3)
қарым-қатынас орнату мақсатқа жету жолындағы басты қызмет
болып табылады;
4)
адамдардың көпшілігінде мәселені ұтқыр шешу қабілеттері болады,
ал тәжірибеде адамның интеллектуалдық әлеуеті өте сирек қолданылады.
Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теорясы. Күту (үміттену)
теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің
тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді.
Күту – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның
бағалауы.
Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын
көрсетеді: еңбек шығыны – нәтижелер; нәтижелер – марапаттау; марапаттау –
валенттілік (марапаттауға қанағаттану).
Л.Портер мен Э.Лоулер күту теориясы мен әділеттілік теориясының
элементтеріне қарай отырып, мотивацияның кешенді процессуалдық теорясын
жасап
шығарады.
Олардың
үлгісінен
бес
өзгергіштерді атауға болады:
1)
жұмсалған күш-жігер;
2)
сезіну;
3)
алынған нәтижелер;
4)
марапаттау;
5)
қанағаттану дәрежесі.
29
2-кестеде Ф. Герцбергтің екі факторлы теориясының мәні ашылды.