Үздіксіз бақылап-зерттеу
оқыту процесін, екі-үш оқушыны сабақтағы,
ойындағы, сабақтан тыс, мектептен тыс оқу-тәрбие процесіндегі қолайлы
уақытта мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады.
Дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу
объектіні ұзақ уақыт
бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы
мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта
үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады.
Монографиялық бақылап-зерттеу
бір адамды немесе бір затты бақылау
кезінде қолданылады.
Бір бағытты бақылап-зерттеу
жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу
мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады.
Бақылап-зерттеу және іздеу
көп деректер арасынан зерттеуші өзіне
керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.
Әңгімелеу әдісі
.
Әңгіме әдісі алдын-ала белгіленген жоспар бойынша,
зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы, оның
мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттамаландырылады,
қорытындысы шығарылады.
Интервью әдісі
. Интервью педагогикаға социологиялық зерттеулерден
ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интервью алушы, зерттеуші, алдын-
ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен бірізді дәйектілікте
бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып алынады.
Б-қосымшада бақылау әдістері берілді.
Тест әдісі
. Тест – адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері
мен өзге жеке-дара қажеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында
қолданылатын стандарттық тапсырма .
Тест – жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған,
орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес тапсырмалар
жиынтығы.Тест – қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше түрлі
варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.
Тест әдісінің артықшылығы: тексерудің, бақылаудың объектілігі; тест
арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әрқилы құрылым және бағыттарда
болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының
отырыстары, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық
конференциялар, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай
сауаттандыру және т.б. (24-кесте).
235
Достарыңызбен бөлісу: |