Кадрларды ауыстыру жүйесіндегі құжаттар : қызмет мансабының
жоспар модельдері; жеке құрам бойынша бұйрықтар; келісімшартқа өзгерістер
және толықтырулар; өзгерістерімен штаттық кесте; кадрлар қозғалысы жөнінде
жылдық есеп; еңбектің ғылыми ұйымдастыруының жобалары.
Кадрлар ауыстыруында маңызды болып келетін – қызмет мансабын
зерттеу барысында мансап нұсқаларының көптігі төрт негізгі моделдерінің
байланыстыруынан болады: «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «жолайырық».
«Трамплин» мансабы басшылар және мамандардың арасында кең
тараған. Жұмысшының өмірлік жолы қызмет баспалдағымен ұзақ көтерілуден
тұрады, мұнда оның ішкі әлеуеті, білімі, тәжірибесі және кәсіби біліктілігі
өседі. Лауазымдары күрделі және жақсы төленетіндерге ауысады. Белгілі
мерзімде жұмысшы ең жоғары лауазымды алып, сонда ұзақ уақыт тұрақталуды
қалайды.
«
Жылан» мансап моделі басшы және маман үшін жарайды. Бұл
жұмысшының бір лауазымнан екіншісіне дейін аз уақыттан кейін ауыстыру
барысында орын алады (1-2 жыл). Мысалы, мұғалім жалпы орта білім беретін
мектепте жұмыс жасағаннан кейін пән бірлестік жетекшісі, жоғары санатты
мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, содан кейін
директор лауазымына ауысады. Бұл мұғалімге жоғары лауазымда жұмыс жасау
үшін басқарудың белгілі функцияларын зерттеуге мүмкіндік береді. Директор
болу алдында басшы директордың орынбасары болады және іс-әрекеттің бүкіл
бөлімшелерін зерттейді.