К. Д. Бузаубакова


Кәсіби біліктілікті көтеру принципі



Pdf көрінісі
бет329/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

Кәсіби біліктілікті көтеру принципі
– мектептің дамуының бірден-бір 
жолы. Мектеп басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге 
құлшыныс жасап, оны жүргізуге мұғалімдерді ұдайы тартып отыруы тиіс. 
Мектеп менеджері мұғалімнің өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге 
ұмтылдыруы қажет. 
Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципi. 
Мектепте не 
нәрсе болса да, күштеп емес, өзінің тарапынан, өз еркімен орындалуы қажет. 
Мәселен, инновацияны күшпен ендіру қажет емес, оны шығармашылықпен
өздері меңгерулері тиіс. Ұжымда әрбір ұжым мүшелерінің жеке пікірлері, жеке 
көзқарастары ескерілгенмен, көпшілік дауыспен ең құнды деген пікір ғана 
шешім ретінде қабылдануы қажет. Ұжымдық шешім ғана істің оң бағытта ғана 
өтуіне жағдай тудырады. Сондықтан, жұмысты бастамастан бұрын келісім 
негізінде ұжымдық шешім қабылдаудың орыны ерекше.
 
Білім беру жүйесіндегі менеджмент – қазіргі педагогикалық теория, 
практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге 
деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің 
жиынтығы.
 
Білім беру жүйесін басқарудың басым бағыттары: 
1)
Жалпы білім беру сапасы. 
2)
Білім беру процесін басқару сапасы. 
3)
Білім процесін іске асыру сапасы. 
4)
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы. 
5)
Жалпы білім берудің функционалды сапасы. 
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, 
оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық 
еңбекті ынталандыру сапасы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет