1) Кіріспе-уәждеу кезеңі, онда мұғалім:
-
оқу пәнінің жүйесінде осы оқу тақырыбының орнын және мазмұнын,
осы тақырып не үшін зерделенуге тиіс екендігін анықтау мақсатында
проблемалық жағдайды құрастырады;
-
оқушылардың алдында тұрған оқу-танымдық қызметінің мақсаттары
мен міндеттерін қалыптастырады;
-
тақырыпты зерделеу жоспарын түсіндіреді, олар игеруге тиіс білімдер,
ептіліктер мен дағдылар (пәндік және оқыту) минимумын көрсетеді;
-
оқушылардың үйдегі өзіндік жұмысының мазмұны және оны орындау
тәртібі жөнінде нұсқаулар береді.